jasqazaq.kz

Сирияға кетпекші болған студент сотталды

23 желтоқсан 2016, 23:53

МГУ-дың бұрынғы студенті Варвара Караулова Тәжікстан азаматы ретінде жалған құжат жасатып, Сирияға барып, «Ислам мемлекеті» тобына қосылмақшы болған. Мәскеу аймақтық әскери сотының бейсенбі күні Карауловаға шығарған үкімінде осылай делінген.

baq.kz хабарлағандай, Сот Варвара Караулованы «Ислам мемлекеті» тобына қосылмақшы болған әрекеті үшін айыпты деп танып, төрт жарым жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жазасын өтеу мерзімі 2015 жылдың 27 қазан айынан бастап есептеледі. Қалған жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Сот үкімінде Караулова «Ислам мемлекеті» тобына тартушы Айрат Саматов деген азаматтың жетегінде кеткенін, әлеуметтік желі арқылы сонымен байланысқа түскені айтылады.

МГУ-дің бұрынғы студенті сот алдындағы соңғы сөзінде үйінен қашып кетуі үлкен қателік болғанын айтты. Оның сөздерінше, ол «ИМ» мүшесімен содыр ретінде емес, сүйген адамы ретінде хат жазысқан.

«Мен мұның бәрін өткен шаққа қалдырғым келеді. Мен жақындарымның алдында жанкешті немесе террорист ретінде қалғым келмейді. Мен жеткілікті жазамды тарттым деп ойлаймын әрі өзімнің айыбымды өтегім келеді», — деді ол.

МГУ-дің философия факультетінің бұрынғы студенті Варвара Караулова (аты-жөнін Александра Иванова деп өзгерткен) 2015 жылдың маусым айында түрік-сирия шекарасында ұсталған.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті