Шынында да, зейнетақы жинағына не үшін салық салынуы тиіс?!

18 қазан 2023, 16:31

 

Бүгін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы жинағы мен инвестициялық табысқа салық салмау туралы ұсыныс айтты.

Шыны керек, осы мәселені көтеретін адам бар ма, жоқ па деген ой бізде баяғыда болған. Өйткені зейнетақы қорынан ақша (өзі жинаған!) алып шыққандардың бәрі 10 пайыз көлемінде жеке табыс салығын төлеуге міндетті. Мәселен, алдыңғы жылы баспана сатып алуға зейнетақы қорындағы ақшасынан кертіп алғандар ЖТС төлеуге міндеттелді. «не үшін?» деген сауалға «себебі бұл сіздің табысыңыз» деген екіұшты жауап берілген.

Депутаттың сөзіне құлақ асайық:

«БЖЗҚ-дағы қаржы – міндетті төлемдер, ал қоғамдық келісім теориясы бойынша міндетті төлемдер салық есебінде жүреді. Міндетті төлемге салық салу – салықтың үстіне салық төлеу. БЖЗҚ-ғы қаржы ел экономикасына жұмыс істейді. Дағдарыс кезінде ол ақша бюджеттің жыртығын жамауға жұмсалады. Сондықтан БЖЗҚ-дағы инвестициялық табысты да, зейнетақы жинағын да салықтан босатуды сұраймыз», — деді Азат Перуашев. Оның ойынша, зейнеткерлер өзі жинаған ақшасын салық төлемей алуға қақысы бар. Өйткені олар көп жылдар бойы ел экономикасына жұмыс істеді.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бұл мәселе Салық кодексін талқылау шеңберінде қарастырылады деп мәлімдеді.

Наргүл Мырзахмет

 

 

 

 

 

 

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді