jasqazaq.kz

Шыңғыс Шарапиев: Шымкент қаласында «Қазақстан халқына» қоры 18 жобаны жүзеге асырды

21 тамыз, 14:33

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қайырымдылық бағдарламаларды үйлестіру орталығының басшысы Шыңғыс Шарапиев «Қазақстан халқына» қоры құрылғалы жалпы бес әлеуметтік салаға қолдау көрсетіп келе жатқанын айтады. Ол Қор тарапынан Шымкент қаласына көрсетілген көмек жайында айтып берді.

Жалпы еліміз бойынша бірінші шілдеге дейін 267 миллиард теңге бөлінді. Оның 215 миллиарды қайырымдылық көмек ретінде жаратылды. Шымкентке үш жыл ішінде 12 195 000 теңге бөлінді. Оның басым бөлігі, әрине, денсаулық сақтау саласына жұмсалды. Біріншіден дәрі-дәрмек алу, одан соң онкологиялық пациенттерге және орфандық сирек кездесетін ауруларға қарастырылды. Жалпы Шымкент қаласында «Қазақстан халқына» қорымен 18 жоба іске асырылды. Оның 7-еуі әлеуметтік нысандар, 6-уы – оңалту орталықтары болса, 1-еуі офтальмологиялық скрининг жөніндегі жабдықтау. Қалған он бір жобаға дәрігерлердің біліктілігін арттыру, білім беру гранттары кіреді.

Қазақстан бойынша 120-дан астам ЖОО бар. Қордың бүкіл Қазақстан бойынша әр облыста, әр қалада 93 ЖОО-мен келісімшарты бар. Соның ішінде Шымкенттегі 6 ЖОО-мен, Алматыдағы 30-дан аса ЖОО-мен бірлесіп жұмыс істейміз. Білім гранттары әлеуметтік осал топтағы отбасыдан шыққан, жетім балалар, мүгедектігі бар балаларға беріледі. Білім гранты ең көп берілген өңір – Шымкент. Өтінішті, іріктеуді ЖОО белгіленген критерийлерге қарап береді. Біз тек ЖОО-ның іріктеуін бағдарламаға сәйкестігін тексереміз. Біз ешқандай іріктеу жасамаймыз.

Бізде өтінімдердің бәрі тек қана сайт арқылы беріледі. Ешбір өтінім берушімен тікелей жүздесіп сөйлеспейміз. Біріншіден, біздің сайтқа электронды түрде өтінім түседі. Өтінім түскен соң қордың ішінде сараптау комиссиясында қаралады. Комиссиядан өтсе ғана көмек алушымен бірінші жүздесу болады.

Қорда Мониторинг департаментінің мамандары жарты жыл сайын көмек алушы нысандарға келіп, бақылап тұрады. Қорымыздың басты ұстанымдарының бірі – жүйелілік болуы керек. Бізде әр жобаның серіктесі болады. Әр серіктестің екі-үш жылға дейін созылған қосымша міндеттемелері болады. Осы жобаны сүйемелдеп бастаған соң мамандарымыз жабдықтардың жұмыс бабында қолданылып жатқан-жатпағанын тексереді.

Біз бүгінгі таңда Қызылорда, Павлодар, Семей, Шымкент сияқты 4 қаланы әдейі таңдап алдық. Осы 4 қалада пилоттық жобаларымызды тәжірибеден өткізіп жатырмыз. Үкіметке, өңірдегі жергілікті басқарушы органға «Осындай жобаны іске асыруға болады» дегенді іс жүзінде көрсетеміз.

Шымкент қаласында жүзеге асырылатын жобаларға тоқталсақ, шілде айының басында ангарлық типті екі спорт кешені бекітілді. Әр спорт кешенінің бағасы — 200 миллион теңге. Жыл соңына дейін салынады деген үміт бар. Сосын Шымкентте мәдениет саласында бір жоба болады деген жоспарымыз бар. Жобаның атын әлі нақты айта алмаймын. Өйткені әлі іріктелу барысында.

Қордың негізгі көмегі ауылды жерлерге бағытталады. Мәселен, Шымкентке қосылған іргелес шалғай елдімекендер көп болғандықтан, сол жаққа назар аударамыз деген ұстаным бар. Қоғамдық қор болғандықтан, көптеген қосымша шығындарға қаржы қарастырылмаған. Сондықтан арнайы жиын, конференция, баспасөз турларын жергілікті әкімдіктің қолдауымен өткіземіз.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ,
Шымкент қаласы

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда