jasqazaq.kz

Шымшаһарда жұмыссыз жүргендерге жұмыс табылады

31 тамыз, 15:17

Қоғамда масылдық дертінің тралуына жол бермеудің ең тиімді жолы – жұмыспен қамту. Сондықтан Шымкент қаласында жұмыссыз жүрген тұрғындарға қолдау көрсету күн тәртібінен түскен емес. Мәселен, тамыз айында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның төрағалығымен жиын өтіп, жұмыссыз азаматтарды қаладағы ірі және орта кәсіпорындарға тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесі қаралды. Оған Абай, Еңбекші, Әл-Фараби, Қаратау және Тұран аудандары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Жиында басқарма басшысы аудан әкімдерінің орынбасарларына аумақтағы кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердегі бос жұмыс орындарын Enbek.kz порталына жариялау және жұмыссыз тұрғындарды сонда бағыттау қажеттігін айтты. Бұл қадам азаматтардың ресми жұмысқа орналасуына жол ашады.
Сонымен бірге шағын және орта бизнес нысандарында да жаңа ресми жұмыс орындарының көбеюіне ықпал ететіні айтылды.
Жанат Өтебаеваның айтуынша, шаһарда көптеген тұрғындар еңбекқор болғанымен, бейресми жұмыс істейді. Олардың табысы әлеуметтік-салықтық төлемдерге тіркелмегендіктен, жұмыссыздар статистикасына әсер ететіні сөзсзі. «Егер осындай азаматтарды тұрақты орындарға бағыттасақ, ресми жұмыссыздар саны айтарлықтай азаяды», – дейді басқарма басшысы.

Жұмыспен қамтамасыз етудің тағы бір жолы – қайтарымсыз грант. Мұндай грант әлеуметтік санаттағы тұрғындардың бизнес-идеяларын қолдауға бағытталған. Соңғы мәлімет бойынша, Шымшаһарда 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі қайтарымсыз гранттың екінші легіне 822 азамат өтінім берген. Барлық өтінімдер 11–22 тамыз аралығында Business.enbek.kz порталында онлайн қабылданып, үміткерлер өз бизнес-жобаларын жүктеді.
Тамыз айының соңында үміткерлер порталға жүктеген жобаларын комиссия алдында офлайн түрде қорғады. Комиссия отырысы 4 қыркүйекке дейін жалғасады. Айта кеткен жөн, осы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия отырысы Еңбек мобильділігі орталығының Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.

Комиссия бизнес-жобаларды олардың өміршеңдігіне, үміткердің сол саладағы тәжірибесіне, жаңа жұмыс орындарын ашу әлеуетіне және өндірісті дамытуға бағытталуына қарай бағалайды. Сондықтан тың бизнес-идеясын ұсынып, оны жүзеге асыра алатынын дәлелдеп шыққан азаматтардың қайтарымсыз грантқа қол жеткізе алады.

Мегаполистегі жұмыссыздық мәселесін шешудің тағы бір бағыты — екі қолға бір күрек іздеген жандарды жұмыс берушілермен кездестіру, яғни бос орындар жәрмеңкесін жиі-жиі өткізу. Бұл тәсіл де өз тиімділігін көрсетті. Айталық, жуырда Шымкент қаласында Еңбек мобильділігі орталығы мен «AMANAT» партиясының қалалық филиалының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге қала тұрғындары, пробация қызметінің есебінде тұрғандар, мүгедектігі бар азаматтар және жұмыс іздеп жүрген жастар қатысты.

Іс-шараға 25 жұмыс беруші мекеме қатысып, тұрғындарға түрлі бағыттағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарын ұсынды.
Қалалық партияның атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов жәрмеңкені аралап, жұмыс берушілер ұсынып отырған бос орындармен танысты. Алжәрмеңкеде тұрақты жұмыс орындары бойынша 280 мекеме 726 мамандық аясында 1537 бос орынды таныстырды.
Жастарды қолдауға арналған «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 635 мекеме 1007 түрлі мамандық бойынша 1820 орын ұсынды.

«Күміс жас» жобасы аясында еңбекке қабілетті зейнет жасындағы азаматтарға да мүмкіндік берілді. Бұл бағытта 272 мекеме қатысып, 332 мамандық бойынша 555 бос орын ұсынылды.

Ал жастардың еңбек жолын бастауына арналған «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 230 мекеме 324 мамандыққа сәйкес 597 орын ұсынды.
Жәрмеңке аясында 100-ге жуық тұрғын жұмыс берушілермен кездесіп, кеңес алды. Оның ішінде 15-і мүгедектігі бар азаматтар, 22-сі пробация қызметінің есебінде тұрғандар. Соның нәтижесінде 24 тұрғын тұрақты жұмысқа жолдама алды.

Осылайша, Шымкент қаласында жұмыспен қамту міндеті әр түрлі бағытта жүзеге асырылып жатыр.

Талап Тілеген

Фото: freepik

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда