jasqazaq.kz

Шымшаһарда жұмыс іздегендерге мүмкіндік көп

28 тамыз 2025, 14:37

Қоғамда масылдыққа жол бермеудің ең тиімді тәсілі – жұмыссыз жүрген жандарды жұмыспен қамту немесе қандай да бір кәсіппен айналысуына жағдай жасау. Шымкент қаласында бұл міндет ойдағыдай орындалып отыр.

Соның бірі – бизнес-идеялардың жүзеге асырылуына қолдау көрсету. Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, биыл әлеуметтік санаттағы тұрғындардың бизнес-идеяларын қолдауға арналған, 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз гранттың екінші легіне 822 азамат өтінім берген. Өтінімдер 11–22 тамыз аралығында Business.enbek.kz порталында онлайн қабылданып, үміткерлер өз бизнес-жобаларын жүктеген.

Ал 25 тамыздан бастап үміткерлер порталға жүктеген жобаларын комиссия алдында офлайн түрде қорғай бастады. Комиссия отырысы 4 қыркүйекке дейін жалғасады. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында комиссия отырысы Еңбек мобильділігі орталығының Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілуде.

Комиссия бизнес-жобаларды олардың өміршеңдігіне, үміткердің сол саладағы тәжірибесіне, жаңа жұмыс орындарын ашу әлеуетіне және өндірісті дамытуға бағытталуына қарай бағалайды.

Жұмыс іздеп жүрген тұрғындарға тағы бір мүмкіндік – тегін кәсіптік оқу курстары. Шымшаһарда жұмыссыз азаматтарға нарыққа қажетті жаңа мамандық меңгеріп, тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беретін кәсіптік оқу курстары ұйымдастырылып отыр. Оқу орындары анықталып, қатысушыларды қабылдауға дайын. Ол үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық Мансап орталығына барып, жолдама алу қажет.

Дегенмен орын саны шектеулі екенін ескерген жөн. Бұл еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің сұранысына байланысты. Айталық, бухгалтер-кассир мамандығына 14, визажистке — 5, кондитерге 20, тоқу машинасының операторына 30, электронды есептеу машинасының операторына — 1, аспазға 11, тәрбиешінің көмекшісіне 9, шаштараз-стилистке 10 орын бар.
Оқу барысында қатысушыларға шәкіртақы төленеді.
Қаладағы мансап орталықтарының мекенжайы төмендегідей:
Абай ауданы – Арғынбеков көшесі 243/3;
Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы 106;
Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі 201;
Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі 89;
Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі 50.
Жалпы мұндай тегін оқу курстары үшінші мегаполисте жиі ұйымдастырылады. Бұл қандай да бір себептермен жұмыссыз қалған азаматтар үшін жақсы мүмкіндік. Тек «екі қолға бір күрек ұстауға» ниет болсын.

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр