Шымкенттің жасыл белдеу қалыптасып, қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

29 тамыз 2023, 15:25

Шымкент қаласының тазалығына бүгінгі таңда басымдық берілуде. Тазалықпен қатар көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары қатар қолға алынған. Ол үшін қала ішіндегі арық-атыздарға ағын су жеткізу жұмыстары төрт кезең бойынша жүргізілуде.

Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ержан Жақсылықұлының айтуынша, қаланың микроклиматын жақсарту мақсатында бірнеше жоба құрылған. Бірі көгалдандыру бағыты болса, екіншісі – тұрмыстық қалдықтардың өңдеу зауытын салу.

– Қалада микроклиматты жақсарту жобасын қолға алдық. Арық-атыздарды қалпына келтіру арқылы қала ішіндегі арықтарға су түссе шаһар ішінде салқын ауа қалыптасады. Қазірдің өзінде су түскен арна маңайында қураған алаңқайлардың қайта көгеріп жатқанын байқау қиын емес. Осы арқылы микроклимат жақсарып қана қоймай, ирригациялық арықтарда да мәселе туындамайтын болады. Мамандардың бақылауымен жыл соңына дейін 13 көшенің бойымен су жүргізу жоспарымызда бар. Ал, БМК каналының құрылысы толық аяқталған уақытта қаладағы барлық көшелердің бойындағы арықтарда су жүреді. Оның құрылыс жұмысы төрт кезеңге бөлініп жүзеге асырылатын болады, – деді қалалық жайлы ортаны дамыту басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Мақсат Абдукадиров.

Бүгінде Дендросаябақ және Хан қорғаны маңындағы көгалдандыру жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Бір кездері қурап жататын «Хан қорғаны» төбесі бүгінде мавритандық көгалдармен жайқалып тұр. Мәселен, биыл жылы 750 мың біржылдық гүл отырзылса, күзде бір миллион қызғалдақ егу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, қалада тұңғыш рет 300 мың тоннаға дейін тұрмыстық қалдық өңдеу зауыты салынбақ. «Бүгінгі таңда Шымкент қаласында коммуналдық қалдықтар мәселесін шешу үшін қоқыс өңдеу зауытын салу қажеттігі туындауда. Қазір қалдықтарды өңдеу зауытын салуға қатысты Испания, Қытай, Германия инвесторлары тарапынан ұсыныстар түсуде. Қытай компаниялары қалдықтарды өртейтін зауыттың құрылысын салуды көздесе, Германия инвесторлары полигон салуға қажетті заманауи материалдар ұсынуда. Әлемге әйгілі AUDITORES ENERGETICOS AFN (AEN) компаниясының өкілдері коммуналдық қалдықтарды өңдеудің терең технологиясын енгізуге қызығушылық танытып отыр» дейді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда қала әкімдігі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келіссөздер жүргізуде. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және қала тазалығын жақсарту мақсатында мобильді қосымша дайындалуда. Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бағдарламасын жасайтын «Ренесанс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары екен.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 18:53
Почему я за строительство АЭС в Казахстане?
Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды