Шымкенттің саябақтары жанға сая

28 тамыз 2023, 18:53

Тәуелсіздік жылдарында Шымкентте бірнеше жаңа саябақ пайда болды. Олар шын мәнінде егемендіктің арқасында жеткен зор жетістіктеріміз. Бұрынғы сауда аумағының орнына салынған, ескі қалашық маңындағы биік төбеде орналасқан саябақ нағыз тәуелсіздіктің берген жемісіндей, Тәуелсіздік саябағы деп аталады. Көк байрағымыз желбіреген осынау парктің тарихына аздап тоқтала кетсек, азаттық пен ұлттық құндылықтарымыздың қадір-қасиетін танытатын саябақ ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап ашылған. «Тәуелсіздікке» «Алтын көпір» арқылы көтерілесіз. Қарсы беттен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері алаңы қарсы алады. Рәміздер алаңы 2009 жылы салынды. 50 метр биіктікте көк ту желбіреп тұр. Тудың көлемі – 8 х 16 метр. Ал найзалардың биіктігі 25 метрді құрайды. Тап осы тұстан Шымкент алақандағыдай болмаса да, қаланың біраз бөлігі көрінеді. «Рәміздер алаңында» еліміздің картасы бейнеленген.

Содан кейін «Қазына» этно-тарихи кешенінде орналасқан этносаябақтың ел игілігіне берілгеніне көп уақыт өте қойған жоқ. Десе де қаланың у-шуынан, мазасыз тіршілігінен бір сәт бой жазу үшін бұл жерге ағылатын тұрғындар көп. Жасыл желекпен көмкерілген баққа көпшілік бір жағынан әуенмен мың бұрала билейтін субұрқаққа қызығып келеді. Сонымен қатар этносаябақта 20-дан астам тарихи-сәулет ескерткіштің макеті қаз-қатар бой тізген. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи, Отырар, Баба түкті Шашты Әзіз, Кемеқалған әулие, Арыстанбаб, Үкәш Ата, Қарашаш ана секілді киелі орындардың көшірмесін тамашалаған жан тарихқа терең бойлайды.

Көгалдандыру бойынша ауыз толтырып айтарлық құрылыс жобаларының ішінде Наурыз саябағын атауға болады. Аталған демалыс орны 26 жылдан берi қараусыз жатқан едi. Қалалық әкімдіктің қолдауымен толық жөнделіп, кiреберiс қақпасы жаңартылды. Iшi гүлдермен көмкерiліп, көгалдандырылды. Жасанды су қоймасының жағалауына серуендеушiлерге қолайлы жағдай жасау үшін орындықтар қойылды. Аумағы 8 гектарды құрайтын Наурыз саябағы ашылғалы келушілер қатары саябырсымаған.

— Қаладағы 8 саябақ пен 39 гүлзардың суландыру жүйелері қалпына келтірілді. Ондағы субұрқақтар да жөнделді. Кеңес дәуірінен қалған субұрқақтарды түгендеу жұмыстары жүріп жатыр. Олардың ешкімге тиесілі еместерін басқарма өз теңгеріміне алады. Қаладан 23 жер аумағы бөлінген. Ол аймақтарда жыл сайын гүлзарлар салынады, – деді жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысының міндетін атқарушы Мақсат Асанұлы.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 18:53
Почему я за строительство АЭС в Казахстане?
Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды