Шымкенттің игілігіне жасалаған жоба

31 тамыз 2023, 11:27

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының «Нақты секторды дамыту» бөлімінде елімізде құрылып, бүгінде жұмысын жандандыра бастаған барлық арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін атай келе, «Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керек. Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ, жер телімдерін беруге болады» деген еді.

Шымкенеттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында кәсіп ашамын дегендерге барлық жағдай жасалған. Мысалы, осы аймақтағы «Shymkent Qagazy» ЖШС-і мемелекет тарапынан жасалып отырған қолдауларды тиімді пайдаланған кәсіпорындардың бірі. Қазіргі таңда жылына 3 млн картон қорабын және 10 мың тонна крафт қағазын шығарып отырған серктестік өндіріс көлемін күн өткен сайын арттыруды көздеуде. Қазір Шымкенттен шығатын картон тауарлар еліміздің барлық аймақтарына жөнелтіледі. Қолданыста болған қағаздар, қажетсіз деп танылған макулатура зауыттың автоматтандырылған қондырғыларында қайта өңделіп, екінші өмірін бастауда. Осыдан үш жыл бұрын іске қосылған кәсіпорын өнімдеріне сұраныс артып келеді. Алдағы уақытта серіктестік жаңа бағыттарды іске қосып, өнім түрлерін көбейтуді жоспарлауда. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарынының ашылуына негіз болары анық.

Дәл осы «Оңтүстік» АЭА-да аймақтағы жалғыз 3 және 5 қабатты гофрленген картон өндіруші «KazbioLife» ЖШС-і де өндірістік қуатын арттыра түскен кәсіпорындардың бірі. Жылына 60 млн. шаршы метр гофрленген картон және картонды қаптама қораптарын құрастыратын зауыт өндірісті кеңейту мақсатында екінші жобасын жүзеге асыруға күш салып отыр.

Жалпы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында бүгінде инвестиция көлемі 58,4 млрд. теңгені құрайтын 35 жоба іске асырылып, 2,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылған. Мұндағы қолайлы инфрақұрылым мен заманауи логистика тың жобаларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік беруде.

Бұл аз десеңіз осы аймақта аумағы 867 гектарды құрайтын 5 жаңа өнеркәсіптік алаң құрылып жатыр. Оның құрылыс жұмыстары толық аяқталған шақта инвестиция көлемі 398 млрд. теңгені құрайтын 271 жоба іске қосылады дейді мамандар. Ал бұл дегеніңіз тағы да жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздар саны кемиді деген сөз. Елдің әлеуметтік деңгейін арттыруға септігін тигізетін мұндай жобалар табыс табуға негіз болары анық.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз