Шымкенттің гүлзары – гүлге, саябағы – саялы ағашқа көмкерілген

28 тамыз 2023, 18:49

Әлемде бүгінгі таңда экология мәселесі бірінші орынға шықты. Адамзаттың табиғат байлығын ретсіз пайдалануы салдарынан қоршаған орта зор зиян шегуде. Әсіресе, ірі мегаполистерде көлік пен өндіріс орындарынан шығатын түтіндер тұрғындардың денсаулығына теріс әсерін тигізіп жатқаны жасырын емес. Сондықтан көгалдандыру, жасылдандыру мегаполистердің негізгі стратегиялық мақсатына айналып отыр. Соның ішінде республиканың үшінші мегаполисі саналатын Шымкентте де бұл іске баса көңіл бөлініп келеді. Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктің бірі ретінде қаланы жасыл желекке көмкеру жұмыстарын айтуға болады.

Осы тұста кері шегініс жасасақ, тоқсаныншы жылдардың басындағы қиын жағдай еске түседі. Ол кезде тұрғындар жан бағу үшін барлық әрекетке барды. Табиғи газ, электр энергиясынан қағылған қалалықтар амалсыздан қазанға от жағып, далада тамақ істеуге мәжбүр болды. Тұрмыстық ахуал осындай күрделеніп тұрған шақта жасыл желекті ойлауға мүмкіндік болмағаны да анық. Сол бір қиын кезеңде қаншама ағаш-тал кесіліп, табиғатқа айтарлықтай зиян келтірілді.

Бүгінде халықтың тұрмыстық әл-ауқаты түзелді. Жұрт енді табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаға көңіл бөле бастады. Қалалық әкімдік мемлекет қаржысын экология саласына бұрып, шаһардың «өкпесін» ашуға бар күш-жігерін жұмсады. Бүгінгі таңда Шымкентте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Олардың барлығы да жайқалып тұр. Арнайы қызметкерлер күн сайын оларға ерекше күтім жүргізеді. Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысының міндетін атқарушы Мақсат Абдіқадыров 30 жылда экология бағытында талай іс тындырылғанын, дегенмен әлі де атқарылатын шаруа көп екенін айтады.

Мәселен шаһарда ағаш көшеттерін егумен айналысатын «Жасыл белдеу» мекемесінің алдына қойылған маңызды міндеттердің бірі – қаланың айналасындағы жасыл алқап көлемін ұлғайту. Осы мақсатта қазіргі таңға мекеме теңгеріміне барлығы 2235,8 гектар, оның ішінде ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №41 қаулысымен мемлекеттік орман қорынан 752,8 гектар жер учаскесі бекітіліп берілді.

Жасыл белдеудегі орман ағаштары қаланың экологиясын жақсартып, тұрғындардың демалуына қолайлы жағдай туғызады. Ғаламдық экологиялық дағдарыс – климаттың жылынып кетуіне қарсы жасыл екпелер қоршаған ортада «ылғалдандырғыш» рөлін атқарады. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы бес жылда еліміздің орман қорында 2 млрд ағаш егу жөніндегі тапсырмасы еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болары сөзсіз.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 18:53
Почему я за строительство АЭС в Казахстане?
Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды