Шымкенттік шаруалар жаппай құлпынай өсіруге көшті

23 тамыз 2023, 12:23

Шымкенттік шаруалар пайдалы кәсіпке ден қойған өнім көлемін арттырып, жаңа технологияларды сынақтан өтізіп жатыр. Мегополиске жақын орналасқан шаруашылықтардың бірі — 4 гектар алқапқа жидектің италиялық сұрпын егіпті. Дәмі тіл үйіретін құлпынайдың жаңа түрі ерте көктемнен бастап, қара күзге дейін жеміс береді. Басында өсімдік көшеттері ашық жерге отырғызылған. Бірақ қысқы аяздарда біразы үсіп кеткен екен. Сол себепті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құлпынай өсірудің жаңа тәсілін енгізді. Ол жидекті туннельде өсіру. Жаңа әдіс жазда күннің көзінен қорғаса, күзде қатты жауын-шашын мен желден сақтайды. Үсікке де ұрынбайды.

— Шымкентте ауыл шаруашылық дақылдарын ашық алаңда салудың тәуекелі басым екенін тәжірибе көрсетті. Сондықтан біз өнімді жабық жерде, яғни туннельде өсіруді жөн санап отырмыз. Өйткені шығынға батқымыз келмейді, — дейді шаруа Тимур Костин.

Қалалық ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының дерегінше, биылдан бастап шымкенттік шаруалар қалдықсыз өндірісті қолға алыпты.

— Кластерлік жобалар негізінде биылдан бастып құлпынай өндірісін дамытуды көздеп отырмыз. Біз бағбандарды қаламыздағы үш бірдей өнім өңдеу кәсіпорындарымен байланыстырамыз. Осының арқасында қалдықсыз өндірісті оң жолға қоюға болады, — дейді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров.

Кәсіпкерлердің бұл салаға қызығуына тағы бір себеп – мемлекеттің қолдауы. Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25%-ы мемлекет тарапынан төленеді. Одан бөлек, төмен пайызды несиелеу бағдарламасы да кәсіпкерлерге қолдау болып отыр. Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағдарламасы шеңберінде сатып алынған тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған шығынның 50%-ына дейінгісін мемлекет тарапынан өтеу қарастырылған.

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринариялық басқармасының дерегіне сүйенсек, 2023 жылы құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын 2 жылыжай, яғни «Отан агро» ЖШС мен ЖК «Татьяна» кешендерінің жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Аталған жылыжай кешендерінен жылына 800 тонна құлпынай мен өзге де көкөністер өндіріліп, 30-дан астам адам жұмыспен қамтылатын болады. Негізінен қазақстандық нарықта көбінесе сауда сөрелерін импорттық құлпынайлар жаулап тұр. Мамандар бүгінде бұл мәселені шешуде жидек дақылдарының, оның ішінде бақша құлпынайының ассортиментін кеңейту және өнімділігін арттыруда осындай үлкен жобаларды қолға алып отыр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз