jasqazaq.kz

Шымкенттік полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды

15 қыркүйек 2022, 17:05

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу, жастарды спортқа баулу мақсатында студенттермен кездесу өткізді. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған басқосудың негізгі мақсаты — жастар мәдениеті, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақыру.

Іс-шараға Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков және Мирас университетінің студенттері қатысты Кездесу аясында жастар арасында нашақорлық, жайында толыққанды мағлұмат берді.

Сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталды. Сонымен қатар, есірткіден бойды аулақ салудың маңызын, салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңызды екендігін жеткізді. Құқық қорғау органдары жыл басынан бері 200-ден астам қылмыстық іс қозғалғанын, олардың ішінде 58-і 29 жасқа дейінгі жастардың қатысуымен орын алғанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен арнайы бекітілген жоспар аясында барлық білім мекемелерінде есірткінің зардаптарын жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, жыл басынан бері 4 000-нан астам есірткі саудасымен айналысып келген сайт бұғатталып, одан бөлек дәріханаларда есірткінің орнын алмастыратын препараттардың дәрігердің рұқсатынсыз сатылғандары тәркіленген. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 300-ден аса есірткінің заңсыз айналыммен қоса, түрлі құқық бұзушылығы анықталды.

Тоқтар Жақаш

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ