Шымкенттік ғалымдар жауын жаудыратын технологияны ұсынды

18 тамыз 2023, 18:41

Шымкенттік ғалымдар ағын су тапшылығы мен құрғақшылықты жою үшін инновациялық қондырғыны пайдалануды ұсынды. Өнертапқыштың айтуынша атмосфераға теріс зарядты иондарды жіберіп, ашық аспанға будақ бұлттарды жинауға болады. Нәтижесінде нөсер жауынды қажетті мөлшерде жауғызып, климатты реттеу гемүмкіндік туады. Технологияның тағы қандай артықшылықтары бар!?

Оңтүстік аймақтарда құрғақшылықтың алдын-алуда озық технологияны пайдалану құптарлывқ іс. Жоба жетекшісінің айтуынша атмосфераның төменгі қабатына әсер ету арқылы қажетті мөлшерде жауын-шашын тартуға болады.

— Жоғары көтерілетін толқын создавать ету арқылы антициклонды разрушать етеміз. Сол жерге циклон создавать етеміз. Циклон болған жерге давление түседі. Сол жерге ылғал тартыла бастайды. Келген ылғалдан тамшылар жасаймыз, — дейді климаттық технологиялар саласының сарапшысы Алтай Айнабек.

Климатты өзгертуге арналған технологиялық қондырғы әлем елдерінде сынақтан сәтті өткен. Иран, Пәкістан сынды мемлекеттердің шөлейтті аймағында жауын-шашын күткендегіден әлдеқайда артты, — дейді. Енді озық технологияны Қазақстанда сынауға мүмкіндік бар.

— Климатты жәй өзгерту керек. Жәй модификация жасаған кезде субэфектілер болмайды. Тартылды. Дрондарды жібердік, керек жерге сығып алуға болады. Керек жерге жаудырып отырамыз. Бұл жерде мысалға ылғал тартылған кезде Аралға тоқтатпай құйып тастаймыз, Каспийдің үстіне тоқтатпай құйып тастаймыз деген сияқты нәрселерді жүргіземіз, — деді А.Айнабек.

Климаттық өзгерістерге алаңдаушылық білдірген ғалымдар да суды үнемдеу керек деп есептейді. Ол үшін Нағима Жақыпбекова Армения және Грузия мемлекеттерінің профессор-ғалымдарымен бірлесіп, су көздерін цеолит қоспасымен қайта өңдеу технологиясын енгізгісі келеді.

— Суды тазалаған кезде біз оған күміс және басқа металлдарды қосамыз. Сонда ол су адам ішуге болады. Екіншісі Каспийдің суы тұзды дейміз. Оны обессоливание істеп ол суды 80 % тазаласақ малға беруге болады. Сонда адамдарға су эконом болады. Біздің ғалымдардың көмегі осындай. — дейді техника ғылымының докторы Нағима Жақыпбекова.

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз