jasqazaq.kz

Шымкенттегі «Қамқорлық» орталығы қалай жұмыс істейді?

22 тамыз, 14:14

Шымкенттегі №8 «Қамқорлық» орталығы 2021 ашылған. Әу баста «Аутизм орталығы» ретінде іске қосылған. Қазіргі таңда 150 балаға сегіз бағытта, атап айтқанда, әлеуметтік, педагогикалық, медициналық, тұрмыстық, құқықтық, экономикалық бағыттарда қызмет көрсетіледі. Мекемеге «Қазақстан халқы» қорынан 127 миллион теңгеге жуық қамқорлық көмек көрсетіліп, заттай бұйымдар алынып, барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Осы орталықтың тыныс-тіршілігі туралы директоры Ержан Иманбердиев әңгімелеп берді.


«Орталықта ЛФК бөлмесі, дефектолог, логопед, сенсорлық, тұрмыс-тіршілікке арналған кабинеттер бар. Кішкентай бұйымнан бастап стендтері, снарядтары, барлығы аутизм балаларға қажетті заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Осының бәрін Қор әпермесе, бюджеттен алу өте қиын. Тұрмыс-тіршілікке арналған бөлмедегі асүй жиһазынан бастап тоңазытқышы, кір жуу машинасы, газ пешіне дейін алып берді. Онда балалар кір жууды, тамақ дайындауды, оны сақтауды, бір сөзбен өмір сүруге қажетті дағдыларды меңгереді. Ал қыш құмыра жасау бөлмесінде саз балшықтан құмыра, т.б. бұйымдар жасауды, оны пеште кептіруді үйренеді. СБО кабинетінде киім киюден бастап үтіктеу, киімдерді бүктеп сөреге салу, түйме салу, бауды байлауға дейін үйретіледі», — дейді ол.
Мұнда Қор тарапынан алынған роботтары да бар. Арнайы мамандардың көмегімен әр түрлі киімдер кигізіп, балаларды түрлі рөлдерде ойнатады. Мысалы, дәрігер болатын болса, дәрігердің сұрақтарына жауап береді. Өрт сөндіруші болса, өрт сөндірушінің рөлін ойнайды. Робототехника кабинетіне көбіне 5-6 баладан кіреді. Легобөлшектермен робот құрастырады.
Қолөнер бөлмесіне алынған қажетті бұйымдар да сапалы. Барлығы брендті тауарлар. Ұлдарға арналған қолөнер бөлмесінде ұлдар ағаш кесу, жону, т.с.с. жұмыстармен айналысады. Қыздарға арналған қолөнер бөлмесінде қыздар кесте тігу, тігін, тоқыма, т.с.с. жұмыстарымен айналысады.
Ержан Иманбердиев: «Ең ерекше кабинетіміздің бірі – сенсорлық кабинетте тас, құмда жалаң аяқ жүру терапиясы қолданылады. Балалардың көңілін аулайтын аквариумдерде алықтарымыз бар. Арасында олардың күтіміне, тамақ беру процесіне балалар да атсалысып тұрады.
150 балаға 95 штат толық құрамда жұмыс істейді. Орталықтағы қызметкерлерімізді де «Қазақстан халқына» қоры біліктілікті арттыру курстарына оқытып тұрады. Яғни, тек кабинеттерді жабдықтап берген жоқ, онымен жұмыс істейтін мамандарды да қайта даярлаудан өткізіп беруде. Мәселен, таяуда мамандарымыз Ленинград, Ресей қаласына барып білім жетілдіріп келді», — деді.
Осынша ыңғайлы заманауи жағдай жасалып жатқанда нәтиже де ауыз толтырып айтарлықтай. Бізге сөйлемей келген балалар сөйлеп жатыр. Тірек-қимыл аппараты бұзылғандар, гиперактивті балалар, аутист балалар, бәрі де жақсы жетістіктер көрсетуде. Қазіргі таңда 45 баладай оң нәтиже көрсетіп отыр. Ата-анамен баланың бойындағы ай сайынғы өзгерістер туралы конференц-залда айына 1 рет сұхбат жүргізіледі.
9.00-ден 13.00-ге дейін дефектолог, логопед сабағына, массаж, ЛФК-ға кіреді. Түстен соң екінші ауысымдағы балалар келеді. Барлық сабақтар ойын түрінде қызықты өтеді, — дейді Ержан Нарымбайұлы.

Мөлдір Кенжебай,
Шымкент қаласы

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік