jasqazaq.kz

Шымкенттегі ерекше жандардың спортпен айналысуына қандай мүмкіндік жасалған?

04 қыркүйек 2025, 11:55

Ерекше жандарға берілген мүмкіндік – олардың қоғамдағы орнын айқындайды. Спорт арқылы мүгедектігі бар азаматтар өз қабілетін танытып қана қоймай, талай асуларды бағындыруға болатынын дәлелдеп келеді. Шымкент қаласындағы №19 спорт мектебі – солардың арманын жүзеге асырып жүрген орталықтардың бірі. Мекеме директоры Мұрат Сопбеков Jas Qazaq тілшісіне мектеп жұмысы жайлы жан-жақты баяндап берді.

«Біздің негізгі мақсатымыз – мүгедектігі бар азаматтарға дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға толық мүмкіндік жасау. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына спортшылар дайындау, халықаралық деңгейде ел намысын қорғайтын чемпиондарды шығару», – деді ол.
Директордың айтуынша, спорт мектебінің бөлімдерінде 18 спорт түрі дамыған. «Суға жүзу, жеңіл атлетика, үстел тенисі, садақ ату, голбол, таэквондо, шоудаун, күрестің еркін және грек-рим түрлері, футбол, футзал, дзюдо, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, пара би, армрестлинг пен пауэрлифтинг сынды бағыттар жұмыс істейді», – деді Сопбеков.

Оқу-жаттығу сабақтары да арнайы стандарттарға сай ұйымдастырылған. «Біздің спорт кешендері мүгедектігі бар жандарға бейімделген. Арнайы құрал-жабдықтар орнатылған залдарда жаттығулар өткізіледі. Қазіргі таңда мектепте 2009 жылғы “Газель” автокөлігі бар. Оның тозығы жеткендіктен, биыл жергілікті бюджеттен жаңа көлік сатып алуға сұраныс берілді», – деді ол.

Спорт мектебінде тәжірибелі жаттықтырушылар еңбек етуде. «Жаттықтырушыларымыз үнемі біліктілігін арттырып отырады, арнайы семинарларға қатысады. Қазіргі таңда біздің ұжымда ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы бар, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленген екі жаттықтырушы, спорт шебері атағы бар бес маман жұмыс істейді. Сонымен бірге спорт шеберіне кандидат үш жаттықтырушы, жоғары санатты жеті жаттықтырушы және бірінші санатты он жаттықтырушы қызмет атқарады», – деді Сопбеков.

Мектеп спортшыларының жетістіктері де аз емес. Жақында ғана республикалық және халықаралық деңгейде үздік нәтиже көрсеткен 62 спортшыға ай сайынғы ақша қаражаты төленетін болды.

«Биыл Шымкентте “Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық спорт түрлеріне арналған” жаңа спорт кешенінің құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Бұл ерекше жандар үшін үлкен мүмкіндік болмақ», – деді Мұрат Сопбеков.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр