jasqazaq.kz

Шымкентте жолға төгілген мұнай қалдықтары дер кезінде тазартылды

15 қазан 2025, 19:17

2025 жылғы 8 қазан күні шамамен сағат 19:30-да Шымкент қаласының Төлеметов пен Бәйтереков көшелерінің қиылысында төтенше жағдай орын алды. VOLVO маркалы, мемлекеттік нөмірі 053AAY11 болатын, салмағы 15 тонналық жүк көлігінің артқы борты ашылып кетіп, көлікте тиелген 12 тонна нефтешламның шамамен 4 тоннасы жол үстіне төгілген.

Осы оқиғаға қатысты Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек түсінік берді.

Белгілі болғандай, жүк көлігі «PetroKazakhstan» ЖШС-не тиесілі өнімді Шымкент қаласынан Қызылорда қаласына жеткізу бағытында болған. Көлікті 1978 жылы туған Қызылорда қаласының тұрғыны, Ажарбаев Динаман Жұмаділаевич басқарған.

Оқиға орнына сол күні сағат 21:45-те Шымкент қаласы Қаратау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен «Ұлттық сараптама орталығының» мамандары келіп, қажетті зертханалық сынамалар алды. Мамандардың қатысуымен жағдайдың қоршаған ортаға әсерін бағалау мақсатында түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігі жағдайды жедел бақылауға алып, жолға төгілген мұнай қалдықтарын тазарту жұмыстарын дереу ұйымдастырды. Арнайы техникамен жол үстіне екі камаз құм төгіліп, нефтешламның қалдықтары толықтай жиналып, аумақ тазартылды.

2025 жылғы 8 қазанда көрсетілген мекенжай бойынша атмосфералық ауа сынамалары алынып, зертханалық талдау 9 қазан күні жүргізілді. Нәтижесінде ауа құрамындағы көрсеткіштер шекті жол берілетін концентрациялардан аспағаны анықталды.

Жедел ұйымдастырылған іс-шаралардың арқасында экологиялық қауіптің алдын алу мүмкін болды. Қазіргі таңда тиісті бақылау жалғасуда, ал оқиға бойынша қосымша түсіндіру және қорытынды шаралар қабылдануда.

Шымкент қаласының тиісті қызметтері мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін жүк тасымалдаушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша қатаң ескертулер берді.

 

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді