Шымкентте жеті жүз адам тұрғын үй сертификатына ие болған

17 тамыз 2023, 21:26

Шымкент қаласында баспаналы болған азаматтар қатары жыл санап артып келеді. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастапты.

Атап айтсақ, 2019 жылы 21 азаматқа, 2020 жылы 101 азаматқа, 2021 жылы 416 отбасыға қайтарымсыз негізде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары табысталған болатын. Ал өткен жылы 58 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілген.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында жастардың баспанамен қамтылуы үшін төмен пайызбен несие беру жайын Үкіметке қарастыруды тапсырған. Бүгінде бұл мәселе республика деңгейінде оң шешімін табуда. Бұл мәселе елімізде, соның ішінде біздің қалада «Нұрлы жер», «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ» бағдарламалары аясында шешімін табуда. Жалпы баспана әрбір адамның арманы. Бүгінде мемлекет тарапынан қабылданып жатқан жоғарыда аталған бағдарламалар мен жобалар ел азаматтарының баспаналы болуына жол ашуда. Әсіресе, жастарды қолжетімді баспанамен қамту – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып отыр, — дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жалпы соңғы жылдары Шымкент қаласында мемлекеттік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болған тұрғын үй кезегіндегі 153 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді. Қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 67 көпбалалы отбасы, 13 толық емес отбасы, 69 ерекше бала асыраушы отбасы және 4 бюджеттік ұйым қызметкерлері бар. Тұрғын үй сертификатына өтінімдер www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылдануда.

Бұл жеңілдікке азаматтар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады. Мұның өзі жастарға баспаналы болуға өз септігін тигізіп отырғаны белгілі.

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз