Шымкентте жаңа парк салынып жатыр

28 шiлде 2023, 17:19

Шымкент қаласының Сәуле шағынауданында 2,5 гектар саябақ бой көтереді. Жылдан жылға жергілікті халық саны артып келе жатқан Сауле шағынауданының мүмкіндіктері қарастырылып, қажеттіліктеріне байланысты саялы саябақ салынып отыр. Қала әкімі жауаптылармен бірге саябақтың құрылыс жұмыстарын қадағалап, жобаның жүзеге асырылуын пысықтады.

Нысанның құрылысын «ГрадСтройСервис» мердігер мекемесі жүргізуде. 2,5 гектарды алып жатқан заманауи демалыс аймағында жасанды газон, көгалдандыру алаңы қарастырылған. Жоба бойынша мұнда 900 шаршы метр асфальт және өрнектас жабындысы салынады. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға саябақтың құрылысын өндірістік кестеге сай жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ заманауи демалыс аймағын халыққа қолайлы етіп, озық үлгіде жасақтау бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Еске сала кетсек, жуырда Шымкент қаласының Бас жоспары қабылған болатын. 2035 жылға қарай мегаполис халқы 1 млн 800 мың адамға жетеді деген жоспар бар. Бас жоспардағы негізгі басымдық – тұрғындарға жайлы ортаны қалыптастыру. Құжатта жол, логистика, кәріз жүйесі, инфрақұрылыммен қамту мәселелері егжей-тегжейлі қаралған. Бас жоспарды әзірлеуде тұрғын үй қорының жағдайы, халықтың орналасу тығыздығы, әлеуметтік-мәдени нысандардың орналасуы және басқа бағыттар бойынша талдау жүргізілген. Жобаны әзірлеуде инфрақұрылым нысандарының тұрғындар үшін барынша қолжетімділігі ескерілген. Бас жоспарда қаладағы бес ауданның даму нүктесі белігіленіп, 2023 жылға дейін ол аумақтар қажетті инфрақұрылыммен қамтылады. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің үшінші мегаполисінің даму қажеттіліктері мен алдағы уақыттағы әлеуеттерін ескере отырып, қаланың бас жоспарын жаңарту бойынша тапсырма берген еді.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады