jasqazaq.kz

Шымкентте жаңа коммьюнити-орталық пен жаңартылған этномузей ашылды

16 қыркүйек, 21:44

Шымкент қаласында жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және олардың пікір алмасуына арналған жаңа комьюнити-орталық өз жұмысын бастады. Бұл орталық «Достық үйінде» орналасқан және бұрын жертөле ретінде пайдаланылған кеңістік заманауи талаптарға сай бейімделіп, жастар үшін тәулік бойы (24/7) жұмыс істейтін заманауи алаңға айналды. Орталықта жарықтандыру және желдету жүйелері жоғары деңгейде орнатылған, бір уақытта 200-ге жуық жасқа қызмет көрсету мүмкіндігі бар.

Бұл жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасының нақты жүзеге асуы болып табылады. Сонымен қатар, орталықтың ашылуы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қолға алынған маңызды іс-шаралардың бірі ретінде бағаланады. Жоба Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Жаңа орталықта этномәдени бірлестіктердің мүшелері, «Ассамблея жастары» ұйымы және қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдар бас қосып, ел бірлігін нығайтуға бағытталған жобаларды талқылап, іске асырады. Сонымен қатар, орталықта би, хор, кітап үйірмелері мен әртүрлі шығармашылық бағыттағы бастамалар жүзеге асырылатын болады. Бұл жастарға өз қабілеттерін танытып, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.

Орталықтың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, мемлекет және қоғам қайраткері, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев және ассамблея белсенділері қатысты. Келген қонақтар ұлттық мәдениет үлгілерінен құралған көрмені тамашалап, жаңа орталықтың мүмкіндіктерімен танысты. Қала әкімінің орынбасары өз сөзінде орталықтың қоғамдағы рөлін атап өтіп, жастарды ел бірлігін нығайтуға және отансүйгіштік рухты қалыптастыруға белсене қатысқаны үшін алғыс білдірді. Ал Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев игі бастамаға ақ батасын берді.

Жиын соңында өткен дөңгелек үстел отырысына қала әкімінің орынбасары, этномәдени бірлестік өкілдері мен жастар қатысты. Кездесу барысында Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында көрсетілген басым бағыттар және Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында белгіленген міндеттер жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, бүгін «Достық үйінде» орналасқан этномұражай да жаңғыртудан кейін келушілерге қайта ашылды. Мұражайда Шымкент қаласында тұратын этнос өкілдерінің тұрмыстық бұйымдары мен ұлттық киімдері сияқты құнды жәдігерлер қойылған. Жаңартылған экспозицияларда қалалық ҚХА құрамындағы 17 этномәдени бірлестіктің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін көрсететін ұлттық киімдер, тұрмыстық заттар, музыкалық аспаптар және қолөнер бұйымдары жұртшылық назарына ұсынылды.

Мұражайдың қайта ашылуына орай «Бір шаңырақ астында» атты этнографиялық коллекциялар мен өнер туындыларының көрмесі өтті. Бұл шара этностардың мәдени мұрасын насихаттауға және халықтар арасындағы татулық пен келісімді нығайтуға бағытталған.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент  қаласы әкімдігі 

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет