Шымкентте үшауысымды мектептер жойылды

15 тамыз 2023, 21:17

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы және жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды.

Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты бақылауда. Бүгінде биылға жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында барлық салада кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қала бюджетіне 645,2 млрд.теңге жоспарланған болса, оның 92,8 млрд.теңгесі республикалық бюджет есебінен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 574,1 млрд.теңгені, нақты көлем индексі 100,3% құрады. Қала аумағында бүгінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл 18 500 орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын 4 мектептің мәселесі толығымен шешіледі. Бүгінде 9 мекеменің білім ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Барлық құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде, нысандардың қыркүйекке дайындығы қатаң қадағаланып отыр. Үкімет басшысы жергілікті әкімдерге өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыруда бірқатар тапсырмалар жүктеп, жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Шымкент қаласында биыл үш ауысымды мектеп қалмайды. Жаңа оқу жылында оқушылар тек екі ауысыммен білім алады. Жылдан-жылға халық саны өсіп отырған үшінші мегаполисте білім ұясының табалдырығын аттаған оқушыларды сапалы білім беруде мектеп құрылысы да қарқынды жүруде. Одан бөлек ғимараты тозған 9 білім мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп пен 2 балабақша, 1 колледж бен 2 арнайы мектеп-интернатының ғимараты қайта қалпына келтіріліп, пайдалануға берілмек.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, шаһарда білім беру ұйымдары жаңа оқу жылында 48 мекемеге артып, жалпы саны 946-ны құрады. Оның ішінде, 30 балабақша, 15 мектеп, 1 оқушылар сарайы жаңадан жұмысын бастайды. Оқушыларды мектеп формасымен қамтуға 2 209,6 млн теңге қаржы қаралған. Әр балаға 41 000 теңгеден ата-аналардың есепшоттарына аударылды.

Бала саны тығыз орналасқан 21 мектеп, жаңадан қосылған 11 тұрғын алаптар үшін «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 25 мектеп құрылысын жүргізу жоспарға енгізілген. Оның нәтижесінде, ыңайластырылған ғимарат, жаңадан ашылған шағынаудандардың мектеп мәселесі және сынып толымдылығы жоғары мектептер мәселесі 2025 жылға дейін толығымен шешілмек.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады