jasqazaq.kz

Шымкентте тұмауға қарсы екпе науқаны басталды

19 қыркүйек 2022, 18:18

Тұрғындарға вакцина салу жұмысы тіркелген мекенжайы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында жүргізіледі. Осы мақсатта қалада жергілікті бюджет есебінен «Гриппол +» вакцинасының 134 580 дозасы сатып алынған.

Қазіргі уақытта вакцина қаладағы емханаларға таратылып отыр. Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Инна Глазебная вакцинаны бірінші кезекте қай санаттағы тұрғындарға салатынын атап өтті.

–Алдымен созылмалы ауруы бар деипансерлік есепте тұратын тұрғындар арасында алты айдан асқан, жиі ауыратын балалар, балалар үйінің тірбиеленушілері, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша мүгедектер, 60 жастан асқан қарттар,
медицина қызметкерлері, жүктіліктің екінші немесе үшінші айындағы әйелдерге салынады, -деді басқарма өкілі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бірлесе ЖРВИ мен тұмауға қарсы күрес бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын бекіткен. Бүгінге дейін медициналық ұйым басшылары мен қызметкерлеріне осы тақырып бойынша 2 семинар ұйымдастырылыпты. Дәрігерлер тарапынан да тұрғындар арасында тұмауға қарсы екпе алуға ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізіліп келеді. Қаладағы №1 емхананың бас дәрігері Маханбет Бейсеуовтың айтуынша, бүгінге дейін қолданыстағы вакцинаның кері әсері байқалмаған.

–«Гриппол +» вакцинасын бірнеше жылдан бері профилактика үшін тұрғындарға егіп келеміз. Осы уақытқа дейін салынған вакцинаның кері әсері байқалмады. Екпенің салдырған азамат тұмаумен ауырғанның өзінде ол жеңіл түрде өтеді. №1 қалалық емханада 5 жарым мыңнан астам тұрғынға вакцина салуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда екпенің 2000 дозасы емханаға жеткізіліп, вакциналау жұмысын бастап жібердік, — дейді бас дәрігер.

Медициналық қызметкерлердің тұрғындарға жүргізген түсіндірме жұмысының арқасында бүгін қалалық №1 емханаға тұмауға қарсы вакцина алушылардың қарасы көп. Ерікті түрде екпе алуға ниеттеніп келген тұрғынның бірі –Жәмилә Қалмурзаева. Ол бүгін медицина қызметкері санаты бойынша екпе салдырып отыр.

–Медицина қызметкері болғасын күнде жұмыс барысында түрлі науқастарқа көмек көрсетеміз. Оның ішінде ЖРВИ мен тұмау жұқтырғандар да бар. Сондықтан әр жыл сайын ерікті түрде тұмауға қарсы вакцина салдырамын. Күздің салқыны түскенде әдеттегідей тұмаурату да көбейеді. Осы тұмауды жеңіл өткеру үшін алдын ала екпе алған әлдеқайда тиімді, -дейді Жәмилә Дадажанқызы.

Айта кетсек, тұмауға қарсы екпе емханаларда ерікті түрде тегін салынады.

Бибайша Нұржанқызы

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ