jasqazaq.kz

Шымкентте тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу шаралары күшейтілді

22 қазан, 20:27

Күз айлары басталғанда тұмау мен суық тиюмен байланысты аурулар өршиді. Сондықтан
Шымкент қаласында 2025–2026 жылғы эпидемиологиялық маусымның басталуымен тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың өсуі байқалуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды. Эпидемиологиялық кезең 1 қазаннан 30 сәуірге дейін жалғасады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, соңғы апталарда 7 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелді, олардың ішінде жүкті әйелдер мен балалардың үлесі басым. Зертханалық тексерулер нәтижесінде тұмаудың А типі анықталған жағдайлар да тіркелді.
Қауіптің алдын алу мақсатында қалада тұмауға қарсы екпе науқаны жүріп жатыр. Биыл тәуекел тобына жататын азаматтарға арналған 150 мың доза «Гриппол+» вакцинасы сатып алынды. Қазан айының 20-сына дейін 80 мыңнан астам адам иммундаудан өтіп, қамту деңгейі 12 пайызға жетті.
Медициналық және білім беру ұйымдарында санитариялық талаптар күшейтілді: кіреберіс сүзгілер ұйымдастырылып, маска режимі мен дезинфекциялық шаралар тұрақты бақылауда. Балалар арасында ауру белгілері байқалған жағдайда оқыту уақытша онлайн форматқа ауыстырылады.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласында жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың көбеюіне байланысты медициналық мекемелердің жұмысы күшейтілген режимде жүргізілуде. Қала тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық көмекті 60 емхана көрсетеді, оның ішінде 14-і мемлекеттік, 46-сы жекеменшік ұйымдар.
Эпидемиологиялық ахуалдың күрт өзгеруіне орай науқастардың ауруханаларға түсу көрсеткіші артқан. Тәулік бойы инфекциялық көмек көрсететін «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында» қазіргі таңда 411 науқас ем қабылдап жатыр, оның 307-сі – балалар (оның ішінде 1 жасқа дейінгі 111 бала). Эпиджағдайдың ушығуына байланысты ауруханада балаларға арналған төсек-орын саны 300-ге дейін көбейтіліп, жалпы төсек қоры 380-ге жеткізілді.
Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, ол 2025 жылғы 28 қарашада аяқталмақ. Осыған байланысты қосымша шаралар қабылданды: дәрігерлер мен орта буын қызметкерлерге арналған бөлмелер палаталарға айналдырылып, қосымша төсек-орын ашылды; емханаларда «үй жағдайындағы стационар» ұйымдастырылды; жедел жәрдем қызметі бойынша сұрыптау жүйесі енгізілді. Сонымен қатар, аурухана басшылығының бақылауымен түнгі кезекшілік ұйымдастырылып, тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді.
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мақсатында барлық медициналық ұйымдарға арнайы жадынама таратылды. Сондай-ақ, қосымша стационарлық орындар ашылды: Қалалық балалар ауруханасында – 20, «№14 емдеу орталығында» – 40 төсек. Дәрігерлер мен мейірбикелердің қосымша кезекшілігі ұйымдастырылып, дәрі-дәрмек қоры толық қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда «Гриппол» вакцинасымен иммундау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жергілікті бюджет есебінен 150 мың вакцина сатып алынған. 22 қазанға дейін 95 578 адам егілді, олардың ішінде 14 жасқа дейінгі 21 970 бала, 5 323 жүкті әйел және 10 302 медицина қызметкері бар.
Тұрғындар арасында түсіндіру және ақпараттық жұмыстар белсенді жүргізілуде. Департамент мамандары тұрғындарды жеке бас гигиенасын сақтау, үй-жайды жиі желдету және ауру белгілері байқалғанда өздігінен емделмей, дәрігерге жүгіну қажеттігін ескертеді.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, маусымдық инфекциялардың алдын алу шараларына белсенді қатысуға шақырады.

JQ-Aqparat

Сурет: gov.kz

 

24 қазан, 14:44
Manish Chand: Kazakhstan’s foreign policy aims to build balanced relations and strengthen partnerships with nations large and small
24 қазан, 14:04
Бітімгерлер – бейбітшілік елшісі
24 қазан, 13:43
Маниш Чанд: Қазақстанның сыртқы саясаты үлкенді-кішілі мемлекеттермен теңгерімді байланыс орнатуға және серіктестікті нығайтуға бағытталған
23 қазан, 16:20
Нақты іске бағыттайтын бастамалар
23 қазан, 12:28
Кәсіпкерлер жеңілдікпен қандай несие алады?
22 қазан, 17:52
Мақсат – бюджет шығынын асырмау
21 қазан, 20:25
Каспийдің қос жағалауын тоғыстырған ырысты ынтымақ
21 қазан, 18:34
Салық саясатындағы өзгерістің күнгей тұсы
21 қазан, 11:15
Агроөнеркәсіпті дамыту – мемлекетті нығайтудың көрінісі