Шымкентте тағы бір оқушылар сарайы бой көтерді

13 тамыз 2023, 23:24

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды» деп өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетіне басты назар аударған болатын. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалып, Шымкентте ақысыз жұмыс істейтін үйірмелер көбейіп келеді.

Мемлекет басшысының балаларды қосымша біліммен қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 5 оқушылар сарайын салу жоспарланған болатын. Осы орайда Тұран ауданында тағы бір оқушылар сарайының құрылысы басталып кетті. Одан бөлек, шаһарда үш оқушылар сарайын салу жоспары да бар.Тек шығармашылықпен шектелмей, балалардың спортпен айналысуына көңіл бөлініп отыр. 2025 жылға дейін қаламыздың әр ауданының оқушылар сарайы мен спорт кешені болады

Шымкент қаласында 950-ден астам білім ұясы бар. Онда білім алатын оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда түрлі үйірмелер мен спорттық секциялар тегін жұмыс істейді. Жуырда ғана ашылған жаңа Оқушылар сарайы шәкірттерді қабылдап, 6 бағыт бойынша үйірмелер жұмысын бастап кетті.

Шаһарда оқушылардың саламатты өмір салтын ұстанып, білімі мен шығармашылығын шыңдайтын тағы бір Оқушылар сарайының құрылысы сәуірді басталған болатын. Жалпы сыйымдылығы 500 орынды құрайтын нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Ғимарат Тұран шағынауданында бой көтерді. Жаңа Оқушылар сарайы 3 қабаттан, 3 блоктан тұрады. Мұнда 7-18 жас аралығындағы оқушылар өз қарым-қабілетіне қарай үйірмелерге жазыла алады.

Жаңа нысанның жобасында 35 орынға арналған асхана және 81 көлікке көлік тұрағы қарастырылған. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының 10 пайызға жуықғы орындалды. Нысанның құрылысын 2024 жылы аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Бүгінде Шымкент қаласында 246 887 оқушы бар. Екі жыл бұрын оқушылардың қосымша біліммен қамтылуы 52 пайызды құраса, білім беру ұйымдары жанынан, білім, мәдениет және спорт басқармалары жанынан үйірмелерге жан басына қаржыландыру жүйесін қоса отырып, жаңадан қолданысқа берілген өнер мектептерінің нәтижесінде көрсеткіш 82 пайызға жетті. Толық қамту үшін 2025 жылға дейін тағы 3 оқушылар сарайы мен 8 өнер мектебі салынады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады