Шымкентте сұйық және қатты сабын шығаратын зауыт салынуда

16 тамыз 2023, 22:29

Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында тұрмысқа қажетті ылғалды сүрткіштер, сұйық сабындар, сондай-ақ антисептик секілді тазалағыш құралдарын шығаратын зауыт құрылысы жүріп жатыр. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, аталған жоба бастапқыдан баспалдақтан маңызды сатыға өтті.

Зауыт жоспарға сай биыл іске қосылып, 40 адам жұмыспен қамтылатын болады. Айта кетейік, кәсіпорын қуаттылығы жағынан жылына 6 000 тонна ылғалды майлықтар, 500 тонна антисептик, 3 000 тонна сұйық сабын, 6 000 тонна қатты сабын өндіруге қауқарлы. Тұрмысқа қолданатын тазалық бұйымдарын шығаратын бұл жобаның құны 4 900 миллион теңгені құрайды.

Бүгінде зауыттың іргесі мен қаңқасын тұрғызуға «Тассай» индустриалды аймағынан арнайы 0,8 гектар жер бөлініп, инфрақұрылым жүйелері жүргізілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде нарықта отандық тауар өндірісінің көлемі ұлғаятын болады.

Айта кетсек, Шымкентте алдағы уақытта желатин өндірісі қалыптасатын болды. Жалпы Қазақстанда тамақ, косметикалық және фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындары өз өнімдерін өндіру үшін желатинді тек шетелден алдыртады. Сондықтан желатин еліміздің нарығында сұранысқа ие шикізаттың бірі.

Мемлекет басшысының «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында қаладағы «Бозарық» индустриялық аймағында желатин өндіретін зауыттың іргесі қаланады. Қытай инвесторларымен бірлесе қолға алынған жоба құны 4, 5 миллиард теңгені құрайды. Зауыт іске қосылса 120 адам жұмыспен қамтылып, тәулігіне 20 тонна желатин өндірілмек. Зауыт құрылысын 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Айта кетейік, «Бозарық» индустриалдық аймағында 3-5 гектарды жерді алып жатқан жобаның жүзеге асырылуы мақсатында мұнда барлық қажетті инфрақұрылым қамтылған.

Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес. халықты жұмыспен қамтуды арттыра отырып, шағын бизнесті дамыту, сол арқылы экономика салаларын әртараптандырудың орта бизнес-драйверін қалыптастыру мүмкіндігіне ие боламыз.

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз