jasqazaq.kz

Шымкентте республикалық пікірсайыс турнирі басталды

18 қазан 2025, 16:26

 

Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Шымкент қаласында «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі басталды.
Ауқымды зияткерлік сайыстың ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек қатысып, қатысушы жастарға сәттілік тілеп, игі тілегін жеткізді.
Турнирге еліміздің тоғыз өңірінен, атап айтқанда, Астана, Алматы қалалары мен Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарынан 120-дан астам команда қатысуда. Олар пікірсайыс алаңында өзара білім мен шешендік шеберліктерін сарапқа салады.

Республикалық деңгейде өткізілетін мұндай турнирлер жастардың ойлау және шешендік қабілетін дамытумен қоса, көшбасшылық қасиеттерін ұштауға септігін тигізетіні анық. Қызу тартыста пікір мен ой, шешендік пен дәлел сайысында ең үздіктер анықталғаннан кейін марапаттау рәсімі өткізіледі.
Жарыстың төрелік ету жұмыстарына Шымкент қаласындағы үш жоғары оқу орнынан іріктелген тәжірибелі пікірсайысшылар және пікірсайыс қозғалысының аға буын өкілдері тартылған көрінеді. Жалпы саны 70-ке жуық кәсіби төреші пікірсайыстың әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етуге атсалысады.

Турнир барысында қаралатын тақырыптар бүгінгі күні күн тәрбітінде тұрған өзекті мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда,  командалар технология, демократия, құқықтық мәдениет, білім беру жүйесі және жастар саясатына қатысты тақырыптар бойынша өз көзқарасын білдіріп, ойын ортаға салады. Жастар өз білімі мен ойын ірікпей, ортаға ашық салатын мұндай турнирлердің маңызы зор екені айтпаса да түсінікті.

Екі күнге жоспарланған республикалық пікірсайыс турнирдің қорытындысы  ертеңгі күні шығарылып, жеңімпаздары анықталатын болады.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады