jasqazaq.kz

Шымкентте Республика күніне орай мерекелік іс-шаралар өтеді

22 қазан 2025, 20:35

 

25 қазан – Республика күні бүкіл елімізде кеңінен атап өтіледі. Бұл күні түрлі іс-шаралар өткізілетіні белгілі. Шымкент қаласында да мерекеге орай кең ауқымды мәдени және патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі — қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтып өтті.
Мерекелік бағдарламалар 24 қазан күні басталады. Сағат 16:00-де «Қызғалдақ» сарайында салтанатты ресми жиын өткізіледі. Іс-шара барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталады.
25 қазан күні сағат 10:00-де «Шымсити» саябағында орналасқан Ту тұғырында Ту көтеру рәсімі өтеді. Сол күні сағат 10:00-ден 14:00 аралығында «Астана» алаңында Республика күніне арналған кең көлемді жалпы халықтық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Бағдарлама барысында қалалық қуыршақ театры мен Шымкент циркінің әртістері көрермендерге өз өнерін ұсынса, ұлттық салт-дәстүрге негізделген театрландырылған көріністер мен дәстүрлі әншілер шеруі өткізіледі. Сонымен қатар, Отандық баспа үйлерінің қатысуымен кітап жәрмеңкелері мен тақырыптық көрмелер өтеді. Көрмеде қала тұрғындары мен қонақтары тарихи және мәдени мазмұндағы басылымдармен танысып, жаңа әдебиеттермен сусындауға мүмкіндік алады.
Кешкі сағат 19:00-де қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық аспан астында ауқымды мерекелік гала-концерт ұйымдастырылады. Концертте еліміздің және Шымшаһардың танымал өнер жұлдыздары – Ғазизхан Шекербек, Ұшқын Жамалбек, Мәдина Сәдуақасова, Еңлік, Әсет Есжан, сондай-ақ «Заман» және «Жігер» топтары өнер көрсетеді.
Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздігін дәріптейтін мерейлі мереке. Шымкент қаласында өтетін мерекелік іс-шаралар тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй мен патриоттық рух сыйламақ.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады