jasqazaq.kz

Шымкентте «Мың жүйрік» республикалық жобасының жеңімпаздары марапатталды

30 қазан 2025, 21:01

Бүгін Шымкент қаласында этнос өкілдерінің балалары арасында қазақ тілін ілгерілетуге бағытталған республикалық «Мың жүйрік» ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Бұл игі бастама жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруды, қазақ тілін жетік меңгерген дарынды балаларды анықтауды және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауды мақсат етеді.

Жоба аясында қатысушылар қазақ тілін меңгеру деңгейі мен шығармашылық қабілеттерін бейнеролик және эссе форматында көрсетті. Биыл байқауға еліміздің жеті аймағынан жүзге жуық өтінім қабылданып, қатысушылардың еңбегін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады.

Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Иманалы Байдаулетов, қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, сондай-ақ Ассамблея жастары қатысты.

– Аталған жобаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретінде мәртебесін ілгерілетуді көздеген байқау 5 бағытта өрбіді. Бақ сынаған балалар мемлекеттік тілде мүдірмей сөйлеп, түрлі шығармалардан үзінділер оқып, қазақ тілін жетік меңгергенін дәлелдеді. Біз еліміздің мемлекеттік тілін дәріптеп, насихаттауға бағытталған байсалды бастамаларды қолдауға әрдайым дайынбыз! Ойын қазақша еркін жеткізетін, мемлекеттік тілден мүдірмейтін балалардың бүгінгі жеңістері өмірлік толағай табыстармен жалғаса бергей! – деді Иманалы Оспанұлы.

Салтанатты жиында жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді