jasqazaq.kz

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға көмек аясы кеңеюде

21 шiлде 2025, 15:56

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсетуге айрықша маңыз беріледі. Үшінші мегаполис — Шымкент қаласында бұл бағыттағы жұмыс жолға қойылғаны белгілі.

Ал биылғы  жылы Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау ауқымы айтарлықтай кеңейіп отыр. Жергілікті бюджеттен бұл мақсатқа 14,7 миллиард теңге бөлініп, оның 6,3 миллиард теңгесі игерілген. Салыстыратын болсақ, өткен жылы бұл көрсеткіш 12,6 млрд теңгені құраған.

Қазіргі таңда қалада 42 479 мүгедектігі бар азамат тіркелсе, олардың 8 275-і – 18 жасқа дейінгі балалар.

Әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жаңа “Әлеуметтік қызметтер порталы” арқылы электронды форматта жүргізілуде. Бұл портал арқылы азаматтар ЭЦҚ көмегімен қажетті құрал-жабдықтар мен қызметтерге өз бетімен тапсырыс бере алады. Қолайлы болуы үшін қаладағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылып, тұрғындарға кеңес беру жалғасып жатыр.

2025 жылдың басынан бері оңалтудың жеке бағдарламасы аясында 41 788 өтініш түсіп, оның 72,2 пайызы (30 167 өтініш) қанағаттандырылған.

Нақты көрсеткіштер төмендегідей:
— Протездік-ортопедиялық көмек – 7 005 өтініштің 4 023-і қамтамасыз етілді;
— Сурдо-, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар – 16 745 өтініштің 14 879-ы (88,9%) орындалды;
— Қол арбалармен қамту – 1 045 өтініштің 927-сі (88,8%) орындалды;
— Жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметі – 2 926 өтініштің 2 879-ы (98,4%) қанағаттандырылды;
— Шипажайлық-курорттық ем – 14 067 өтініштің 7 459-ы (53,1%) бойынша жолдама берілді;
— “Инватакси” қызметі – 348 азамат өтініш білдіріп, барлығы қызметпен қамтылуда.

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары қолға алынған цифрлық жүйеге көшу — әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасын арттырып, тұрғындарға жедел әрі ыңғайлы көмек көрсетуге жол ашып отыр.

Бұл жұмыстар қалада инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған нақты әрі нәтижелі қадамдардың бірі ретінде бағалануда.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді