jasqazaq.kz

Шымкентте мүгедектігі бар 579 адам жұмысқа жолданды

28 шiлде 2025, 18:06

Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік ортадан шеттетпей, оларды еңбекке бейімдеу – басты назардағы бағыттардың бірі. Қазіргі таңда бұл санаттағы азаматтардың жұмысқа орналасуына нақты қолдау көрсетіліп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы масылдық көзқарастан арылтуға басымдық беріліп отыр.

Өткен жылы бойынша қалада 1120 мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Нақты айтқанда:

— 485 азамат тұрақты жұмысқа орналасса,
— 70 адам қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, жеке ісін бастады;
— 268 тұрғын «Бизнес бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін меңгерді;
Қалғандары «Күміс жас», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс», «Алғашқы жұмыс орны», қысқа мерзімді кәсіптік оқу секілді бағыттар арқылы еңбекке араласуда.

Биыл, яғни 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 579 мүгедектігі бар азамат жолданып отыр.

Бұл – мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған қолдаудың жарқын көрінісі. Ең бастысы – еңбекке ниет бар, мүмкіндік те бар.

Мәселен, үш баланың анасы, үшінші топ мүгедегі Әсел Медеубаева биыл Шымкент қалалық еңбек мобильділігі орталығына жүгініп, Қалалық перзентханаға медбике болып жұмысқа орналасты.

«Денсаулығыма байланысты бұрынғы жұмысымды жалғастыра алмадым. Аудандық мансап орталығының көмегімен бірнеше бос жұмыс орны ұсынылды. Өзіме ыңғайлы мекемені таңдадым. Қазір шала туған сәбилерге күтім жасайтын бөлімшеде еңбек етудемін. Еңбегімнің елге қажет екенін сезінемін. Бұл – мен үшін үлкен мотивация», – дейді Әсел Ерланқызы.

Қалада сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдауға арналған арнайы квота да қарастырылған.

Инклюзивті қоғам құру – тек әлеуметтік қолдау көрсету емес, әр азаматты өз қабілетіне сай еңбекке тарту. Шымкентте бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өз кәсібін тауып жатқандардың саны артуда.

Бұл – масылдық ұғымынан арылып, қоғамның белсенді мүшесіне айналудың нақты жолы.

Бибайша Нұржанқызы,

Шымкент 

24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?