jasqazaq.kz

Шымкентте «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Бүгін, 15:32

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру аясында Шымкент қаласының Алтынтөбе тұрғын алабында Наурыз мерекесіне орайластырылған Тазару күні аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

«Тазару күні» қоғамның табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, ортақ жауапкершілікті сезінудің белгісі. Акция барысында Бөржар Бастау бұлағының бастауы тазартылып, айналасы абаттандырылды, санитарлық тазалық жүргізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қоғам белсенділері мен еріктілер қатысты.

 

Айта кету керек, «Мөлдір бұлақ» акциясы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қаланың қоршаған ортасын жақсартуға және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді