jasqazaq.kz

Шымкентте масылдықтан еңбекке бетбұрыс: жастар мен жұмыс берушілерді тоғыстырған жаңа мүмкіндіктер

05 тамыз, 11:38

Шымкент қаласында әлеуметтік саясаттың жаңа бағыты қарқын алуда. Бұрынғыдай атаулы көмек пен жәрдемақыға үміт артып, мемлекеттің қолдауына ғана сүйенетін масылдық түсінік біртіндеп кері шегінуде. Оның орнына еңбекке, өзін-өзі қамтамасыз етуге, кәсіби тұрғыдан жетіліп, қоғамның белсенді мүшесі болуға ұмтылған жаңа буын қалыптасып келеді. Бұл өзгерістің нақты көрінісі – жастардың белсенділігі. Абайдың «кірпіш болып қалан» деген өнегесін ескерсек, бүгінгі жас түлектер дәл осы ұстанымды басшылыққа алып, еңбек нарығында өз орындарын табуға күш салуда.

Әлеуметтік өзгерістерді іске асыруда еңбек саласындағы мамандар мен Еңбек мобильділігі орталығының қызметкерлерінің еңбегі орасан. Олардың тынымсыз әрекетінің арқасында еңбекке бейімделу, жұмыспен қамту, кәсіби бағдар беру бағыттарында ауқымды жұмыстар жүзеге асуда.

Жуырда Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығының Тұран ауданы бойынша Мансап орталығының мамандары Индустриалды-техникалық колледжде өткен маңызды іс-шараға қатысты. «Қаламыздағы үздік кәсіпорындарға түлектерді жұмысқа орналастыру» тақырыбындағы форсайт-сессия жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өзара пікір алмасу мен нақты шешімдер қабылдауға үлкен алаң болды.

Іс-шараға қаладағы жетекші кәсіпорындардың басшылары мен колледж түлектері қатысып, Мансап орталығының өкілдері мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары мен Enbek.kz платформасының мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді. Бұл портал жас мамандарға ғана емес, жұмыс берушілер үшін де өте тиімді шешімдер ұсынады.

Бүгінде Шымкенттің жастары үшін «Жастар практикасы» мен «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары арқылы жұмысқа орналасу жолы айқын. Бұл бағдарламалар оқуын енді ғана аяқтаған жас мамандардың алғашқы еңбек тәжірибесін жинауына мүмкіндік береді. Бұрынғыдай орталыққа барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ – Enbek.kz платформасы арқылы барлық ақпаратқа қол жеткізуге болады. Порталда бос жұмыс орындары көрсетіліп қана қоймай, жұмыс берушілермен онлайн сұхбаттасуға мүмкіндік қарастырылған.

Сондай-ақ, бұл портал жұмыс берушілер үшін де тиімді құралға айналған. Олар өздеріне қажетті мамандарды порталдағы «Жұмыс іздеушілер» бөлімінен түйіндеме арқылы оңай таба алады. Форсайт-сессия барысында кәсіпорын өкілдері бұл сервистің тиімділігіне көз жеткізіп, жас мамандарды жұмысқа тартуға қызығушылық танытты.

Іс-шара аясында түлектер мен жұмыс берушілер арасында нақты байланыс орнап, жұмыспен қамту жүйесінде жаңа, тұрақты бағыт қалыптасты. Студенттер тарапынан да жоғары белсенділік байқалып, еңбекке деген ынтаның артып келе жатқанын көрсетті. Бұл – тек кездесу емес, еңбек пен білім саласын тоғыстырған тиімді әрі нәтижелі алаң болды.

Айта кету керек, биылғы жылдың басынан бері Шымкент қаласында «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы 596 жас, ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 131 жас жұмысқа орналастырылған. Бұл – жастардың еңбекке белсенді түрде араласып жатқанын дәлелдейтін нақты көрсеткіш.

Мұндай бастамалар қоғамда еңбек мәдениетін нығайтып, масылдықтан арылуға бағытталған жүйелі өзгерістердің айқын көрінісі болып отыр.

Фото: Aikyn.kz

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті