Шымкентте мал тоғытудың екінші кезеңі жүріп жатыр

29 тамыз 2023, 15:31

Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылығы басқармасы аймақтағы дизинфекциялау жұмыстарымен қатар мал ауруларына қарсы іс шараларды қолға алған. Бүгінгі таңда мал тоғыту жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұл іс-шара кенеден сақтану мақсатында қолға алынған.

Шымкент қаласына қарасты Абай ауданы, Жиделі елді мекенінде көктемгі уақ малды арнайы тоғыту жұмыстары жоспарға сай ұйымдастырылуда. 88030 бас түседі деп жоспарланған.

— Бүгінде аймақ халықының негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласымен тығыз байланысты. Мал және мал өнімдерінен тұратын өндіріс көлемі де соңғы жылдары біршама артқан. Бүгінде мал өндірісінен алынатын сүт және ірімшік өнімдері облыстың негізгі азық-түлік қорына еніп үлгерген. Ал көкөніс пен бақша өнімдері қашанда жоғары сұранысқа ие. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажеттігін және бұл – стратегиялық міндет екенін атап өтіп, саланы дамытудың негізгі бағыттарын айқындап берген болатын. Биылғы жылы негізгі бағыттарды жүзеге асыру мақсатында өңірде ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен агроөнеркәсіп кешені жүйесін тиімді жүргізу бойынша ілгерінді жұмыстар атқарылды, — дейді қалалық ауылшаруашылық және ветеринария басқармасының басшысы Ә.Жанбатыров.

Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір» демекші, аймақта мал басының өскені байқалады. Қазір жалпы қала бойынша 90 мыңға жуық қой-ешкі бар екен. Оның 88 мыңы басын тоғыту жоспарланған. Бүгінгі таңда 46 мың бас тоғытуға түсіп түрлі зиянкестерден залалсыздандырылыпты. Мамандардың айтуынша тоғыту жылына екі рет арнайы дизинфекциялық ертіндіде жасалады. Бір атап өтерлігі қойларды тоғыту кененің барлық түрінен, паразиттерден, биттерден және тағы басқа тазарту үшін өткізу маңызды.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 18:53
Почему я за строительство АЭС в Казахстане?
Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды