Шымкентте мал шаруашылығында өсім бар

10 тамыз 2023, 9:54

Бұл туралы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасның басшысы Әбунасыр Жанбатыров мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір қалада ірі қара саны – 67,3 мың бас, қой, ешкі — 80,7 мың, жылқы — 10,8 мың және құс — 807,6 мың басқа жеткен. Нәтижесінде өнімділік 6 пайызға өсіп, 4,5 мың тонна ет, 31,3 мың тонна сүт, 118,1 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

–Қала аумағында 6 мыңға жуық шаруа қожалығында 7 мыңнан астам тұрғын еңбек етеді. Шаруалардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады екен. Атап айтқанда,олардың ішінде қожалықтардың 785-ке жуығы мал шаруашылығы, 6-уы балық, 4 құс шаруашылығы және 25 омарта шаруашылығымен айналысады. Мал шаруашылығымен айналысатын 32 шаруа қожалыққа мал басын асылдандыру бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді, — деді басқарма басшысы Ә.Жанбатыров.

Осы жылдың қаңтарынан маусым айына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 20,7 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8 млрд теңге артыпты. Ал, тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 3,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Ірі қара малдың орташа салмағы 472 келіні құрап, құс етінің көлемі 1,2 мың тоннаға жеткен.

Мемлекеттен берілетін жәрдемге қол жеткізу үшін ұсақ шаруалар бір кооперативке бірігіп, бірлесе іс атқаруда. Қаланың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы берген мәліметке сәйкес, бүгінге дейін кооперативтердің өткізген сүтінің құнын арзандатуға, мал басын көбейтуге, асылдандыруға, селекциялық жұмыстарға, құс еті мен жұмыртқа құнын арзандату, мал азығы құнын арзандату және тағы сол сияқты бағыттарға мемлекет тарапынан 350 миллион теңгеге жуық субсидия қаражаты төленді.

Субсидиялауды тарқатып айтар болсақ, етті бағыттағы асыл тұқымды малды сатып алған шаруаға ірі қараның әр басы үшін150 000-300 000 теңге, бордақылау алаңдарына өткізілген малдың әр келісіне 200 теңге, мал басын асылдандырудағы селекциялық ұрықтандыруға жылына 1 басқа 10 мың теңге, мал азығы үшін жылына1 басқа 35 000-50 000 теңге қаралған екен. Ал, сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал сатып алуға 200 000-400 000 теңге, ондірілген сүттің 1 литріне 20 теңге, сүтті сиырларды ұрықтандыруға 5 000-10 000 теңге, оның жем-шөбіне 35 000-70 000 теңге беріледі екен.

Жылқы мен түйе, шаруашылығы да мемлекеттің қолдауынан кенде емес. Мұнда да асыл тұқымды мал сатып алуға 100 000 теңге, өндірілген сүттің әр литіріне 60 теңге берілсе, оның азығы үшін бір басқа жылына 30 000 теңге қаралыпты.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады