Шымкентте қолайлы орта қалыптасып келеді

31 тамыз 2023, 22:01

Шымкент қаласы жыл санап көркейіп келеді. Оның көркіне түнгі көше жарықтарымен қатар гүлзарлар да сән беріп тұр. Жалпы қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында, биыл 9 гүлзар, 1 саябақ салу жоспарланған. Сонымен қатар қала орталығындағы Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары қолға алынбақ.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, жоғарыда аталған жұмыстар қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында жоспарланған бас жоспарына сәйкес атқарылуда екен. «Бүгінде аумағы 42 гектар алқапты алып жатқан Шымсити шағын ауданында жаңа саябақ құрылысы басталды. Қаладағы демалыс аймақтарын ұлғайту мақсатында, жоспарға сәйкес жыл сайын 10 гүлзар салынатын болады» деді қала әкімі.

— Бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген қаладағы тағы бір мәселе – түнгі жарықтандыру. Соңғы үш жылда қаладағы әлеуметтік маңызы бар 472 көше жарықтандырылып, қамту деңгейі екі есеге артып, 30 пайыздан 63 пайызға жетті. Биыл жалпы 104 көшеге жарықтандыру жүргізіліп нәтижесінде, қамту деңгейі 63 пайыздан 70 пайызға жеткізілетін болады, — дейді қала әкімі.

Шағын аудандарды абаттандыру, жарықтандырумен қатар интернет желісімен қамту жұмыстары да қатар атқарылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қазақстанның басты мұраты – цифрлық экономикаға көшу екенін айтты. «Экономикалық өсім туралы айтқанда, біз тек цифрлар мен көрсеткіштерге ғана емес, сапаға да мән беруіміз керек. Цифрлық интеллект индексіне (Digital IQ) сәйкес Қазақстан цифрландыру қарқыны бойынша 20-орында және цифрлық ортаны дамыту жөнінен анағұрлым перспективті елдердің қатарына кіреді. 2022 жылы еліміздегі цифрландыру саласы 12 пайызға өсті. Отандық цифрлық өнімдердің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артып келеді. Мақсатымыз – 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 500 миллион долларға дейін жеткізу. Дегенмен мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», — деді Президент.

— Жалпы алып қарасақ, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, сонымен қатар ұлттық экономиканы цифрландыру. Бүгінгі таңда қала тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында, осы жылы 20 елді мекенге оптикалық және 28 елдімекенге базалық станция орнатылады. Сонымен қатар, өткен жылы қалаға жоғарғы жылдамдықты 5G интернет желісі бар 10 станция орнатылса, биыл 147 станция орнату көзделіп отыр. Ал қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, соңғы 5 жылда 3177 бейне бақылау камералары орнатылған болатын. Нәтижесінде, қылмыс саны 39 пайызға төмендегені белгілі болды. Ал биыл 1500 бейне бақылау камераларын қою жоспарланған, — дейді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз