jasqazaq.kz

Шымкентте Иранның 3-ші сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтеді

08 қазан 2025, 19:25

Биылғы 12–15 қазан аралығында Шымкент қаласындағы Көрме орталығында Иран Ислам Республикасының 3-ші сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтып өтті.

Бұл көрмеге инженерлік-техникалық, сауда және инвестициялық бағыттар бойынша жетекші ирандық компаниялар қатысатыны күтіліп отыр.
Көрме аясында келушілерге Иран елінен әкелінген әр түрлі өнімдер мен қызмет түрлері ұсынылады. Атап айтқанда, машинамен тоқылған кілемдер, тағам өнімдері – оның ішінде түрлі тәттілер, сүт және құрғақ сүт өнімдері,  тұрмыстық химия және гигиеналық тауарлар, полимерлі құбырлар мен құрылыс материалдары, болат және алюминий бұйымдары, сондай-ақ жиһаз, тоқыма бұйымдары және тұрмыстық техника таныстырылады.

Сонымен қатар, логистика, транзит және сауда қызметтері, мұнай-газ саласына арналған инженерлік және техникалық жабдықтар салалары бойынша да заманауи үлгілер де ұсынылады.
Көрмеге Иранның сауда палатасы, «Нуре Тус» экспорттық басқару орталығы, сондай-ақ Иран мен Қазақстанның іскерлік қауымдастықтары қатысады.

Айта кеткен жөн, мұндай көрме қазақстандық кәсіпкерлерге ирандық серіктестермен тікелей байланыс орнатып, өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.
Қазақстан тарапынан іс-шараға мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері қатысуы жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, көрме Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті кеңейтуге, инвестициялық жобаларды ілгерілетуге және екі ел арасындағы жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған маңызды шара болмақ.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді