jasqazaq.kz

Шымкентте этномәдени бірлестіктердің қатысуымен мерекелік фестиваль өтті

09 қараша 2025, 10:50

Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Жанға жайлы жерұйық – біздің Отан» атты фестиваль өтті. Іс-шараны қалалық Армян және Славян этномәдени бірлестіктері ұйымдастырды.
Бұл мәдени шараның мақсаты – елімізде өмір сүріп жатқан этностардың мәдениеті мен өнерін дәріптеу, олардың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ қоғамдағы толеранттылық пен өзара сыйластықты арттыру болды.
Фестивальге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер, шығармашылық ұжымдар мен қала тұрғындары қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, көрермендерге көтеріңкі рух пен бірлік сезімін сыйлады. Бағдарлама барысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Қаракөз» би ансамблі, музыкалық колледждің студенттік хоры, сондай-ақ «Светоч», «Ардагер» хор ұжымдары, «Южный город» тобы және «Еркетай» балалар би ансамблі өнер көрсетті. Көрермендер қазақ, славян, армян, белорус және украин халықтарының ұлттық музыкасы мен биін тамашалап, түрлі мәдениеттердің үйлесімін сезінді.

Армян халқының ұлттық аспабы — дудуктың сырлы үні көрермен жүрегіне жол тауып, ерекше әсер қалдырды. Ал славян халықтарының «Раздолье» тобының халық әндер попурриі залды әсем ырғаққа бөледі. Армяндық «Кочари» биі мен ұлттық нақыштағы көріністер көрермен тарапынан зор қошеметке ие болды.

Іс-шара қорытындысында этномәдени бірлестік өкілдеріне алғыс хаттар табыс етілді.
Айта кетейік, Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен бұған дейін де қаладағы этномәдени бірлестіктердің қатысуымен бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Бұл мәдени жобалар қаламыздағы этностар арасындағы достықты, өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайтуға зор үлес қосып келеді.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады