Шымкентте ет комбинаты салынады

31 шiлде 2023, 10:51

Шымкенттегі мал бордақылау мәселесі келер жылы шешімін табады. Өткен жылы қала мәслихатының депутаттары мәслихат отырысында сойылған жануардың қаны кәріз суына қосылып кету қаупі туралы айтқан болатын. Бүгінде қалада 3 жерде ғана мал союға рұқсат етіліп, олар жануардың қанын бөлек құйып, жинап, залалсыздандырып отырады. Мұнан бөлек ауылшаруашылығы мен ветеринария саласында өзгеріс те, жаңалық та жетерлік.

Осыған байланысты, аумағы 5 гектерды құрайтын ет комбинатын салу келесі жылға жоспарланып отыр. Жоба қуатылығы күніне 1500 бас малды бауыздауға жетеді екен. Осы комбинатта 100-ден аса адамға жұмыс табылып, 2025 жылы іске қосылуы жоспарланған. Мұнан бөлек, мал шаруашылығы саласында өзгеріс көп. Ал түрлі зиянкестерден залалсыздандыру, тоғыту, бүрку жұмыстары жоспарға сәйкес жүрзеге асып жатыр.

Шымкент республикалық мәртебеге ие болғанымен, қала төңірегінде тегін салып, мал баптап отырған ишаруалар бар. Сондықтан Шымкентті тек ақсаусақтар тұратын мегаполис қана емес, еңбекқорлардың мекені деп айтуға болады. Оған дәлел түрлі бақша мен егіс алқаптары, мыңғырған мал бағып отырған тұрғындар. Жалпы, қалада биыл 27 мың га егістік алқабы игерілген. Дәнді дақыл, майлы дақыл, көкөніс, бақша өнімдері егілген. Қазір ору жұмыстары басталды. Былтырмен салыстырғанда биыл нақты өсім бар. 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 20,7 млрд теңгеге жетіп өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,8 млрд теңгеге артып, нақты көлем индексі 100,5% жеткен. Қаңтар-маусым айларында тамақ өнмдері мен негізгі капиталына 3,5 млрд. теңге инвестиция тартылыпты. Ірі қара малдың орташа салмағы 472 келіні құрап, өндірілген құс етінің көлемі 1,2 мың тоннаға жетті.

Биыл басқарма тарапынан 16 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтсақ, жылыжай кешені, қайта өңдеу кәсіпорындары, қоймалар. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жоспарлы түрде әдеттегідей жүріп жатыр. Әкімдік жергілікті тауар өндірушілермен келісім-шарт жасай отырып, қала халқын сапалы әрі арзан бағадағы өнімдермен қамтып отыр.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады