jasqazaq.kz

Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті

05 қыркүйек 2025, 19:37

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шара жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталды.
Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше,  мегаполисте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ерікті жастарға арналған танымдық эко-экскурсия ұйымдастырылды.  Бұл іс-шараны Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы», «ASAA» волонтерлік ұйымы және «ЮНИСЕФ» еріктілер қозғалысы бірлесіп өткізді.
Экскурсия аясында қатысушылар қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жергілікті кәсіпорын – «ЭКО шина» зауытының жұмысымен танысты. Жастар пайдаланылған шиналарды қайта өңдеу үдерісін көзбен көріп, резеңке үгінділерінің өндірісі, оларды қайта пайдаланудың жолдары туралы ақпарат алды.
Зауыт мамандары резеңке қалдықтарының экологияға зиянын, оларды қайта өңдеудің артықшылықтарын және бұл салада қолданылып жатқан жаңа технологиялар туралы кеңінен түсіндіріп берді. Сарапшылардың айтуынша, пайдаланылған шиналарды қайта өңдеу ауа мен топырақтың ластануын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ табиғи ресурстарды үнемдеу ісінде маңызды рөл атқарады.


Экскурсия барысында жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға, оларды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулу мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастарды экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға ынталандырып, олардың «жасыл сана» қалыптастыруына ықпал етеді.
– Бүгінгі шара жастар үшін ерекше тәжірибе болды. Қалдықты кәдеге жарату саласындағы нақты мысалдар арқылы экологиялық проблемаларды шешуде әр адамның үлесі маңызды екенін көрсете алдық. Ерікті жастардың белсенділігі қуантады, – дейді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі.
Айта кетейік, бұл бастама елімізде экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында жүзеге асырылып отыр. Аталған акцияның негізгі мақсаты – тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаны сақтау бойынша нақты іс-шараларды іске асыру.
Мұндай мазмұнды және тәжірибелік шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Ұйымдастырушылар жастардың экологиялық жобаларға қатысуын тұрақты түрде жандандыруды қолға алып отыр.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат