jasqazaq.kz

Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтары қалай қорғалады?

27 қараша 2025, 12:25

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық қорғалуы — қоғамның жауапкершілігі және құқық қорғау органдарының тікелей міндеті. Осы маңызды мәселе бойынша Jas Qazaq тілшісі Шымкент қаласы бойынша Полиция басқармаларының жұмысына талдау жасады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің өз кезегінде аумақтық 5 басқармасы, яғни Тұран, Әл-Фараби, Қаратау, Абай, Еңбекші АПБ жұмыс істейді. Басқармалардың берген мәліметіне сәйкес, былтырдан бүгінгі күнге дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты қала тұрғындарынан арыз-шағым түспеген.

Әл-Фараби АПБ бастығы Батырбек Мырзагелдиев құқық бұзушылықтарды тіркеу тәртібіне қатысты: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты барлық құқық бұзушылықтар — кемсіту, қорлау, шабуыл сияқты әрекеттер заңнамаға сәйкес тіркеліп, қылмыстық және әкімшілік іс жүргізу аясында қаралады», — деді. Ол әрбір оқиға бойынша полиция тарапынан жедел іс-шаралар қабылданатынын атап өтті.

Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шаралары туралы Батырбек Мырзагелдиев: «Патрульдік қызмет күшейтілді, бейнебақылау жүйелері орнатылды және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі», — деді. Сондай-ақ ол сенім телефондарының жұмысын, қызметкерлерді арнайы оқыту курстары мен семинарлар өткізу рәсімін баса айтты.
«Полицияда арнайы сенім желілері мен жедел байланыс бар, қызметкерлерге ерекше жандармен қарым-қатынас жасау мәдениеті бойынша тұрақты оқыту жүргізіледі», — деді.

Тұран АПБ бастығының орынбасары Әбдімәлік Жұпарбеков:

«Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарының бұзылуы — Конституцияға сәйкес заңға қайшы. ҚР Қылмыстық кодексінің 145-бабы (дискриминация), 147-бабы (жеке өмірге қол сұғылмау), 293-бабы (бұзақылық) және ӘҚБтК-нің 73, 434-баптары бойынша жауапкершілік қарастырылған», — деді.

Оның мәліметінше, мұндай әкімшілік жайттар Тұран АПБ-да тіркеліп отырады.

«ҚР Ішкі істер органдары туралы заңға сәйкес тұрақты рейдтер жүргізіледі, учаскелік инспекторлардың алдын алу жұмыстары бар және бейнебақылауды кеңейту жоспарланып отыр. Шымкентте «102» жедел басқару орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді, полиция департаментінде арнайы сенім желілері жұмыс істейді», — деді ол.

Оқыту мен біліктілікті арттыруға келер болсақ, полиция басқармалары оқу жүйесінің тұрақты екенін жеткізді. Әл-Фараби ауданында полиция қызметкерлерін оқыту және этика курстары тұрақты өткізіледі. Бұдан бөлек ІІМ академиялары мен аймақтық оқу орталықтарында жүзеге асатынын нақтылады.

Алдағы жобаларға байланысты Батырбек Мырзагелдиев: «Қоғамдық ұйымдармен бірлескен профилактикалық іс-шаралар жоспары әзірленіп жатыр»,- деді.

Құқық қорғау органдары 2023–2025 жылдарға арналған Үкіметтің «Инклюзивті қоғамды дамыту жөніндегі жол картасы» аясында жаңа жобаларды жүзеге асыруда. Соның ішінде «Қолжетімді полиция» бастамасы ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін инфрақұрылымды жақсартуды және қызмет көрсету стандарттарын жаңартуды көздейді.

Әл-Фараби АПБ негізінен оперативтік-профилактикалық шараларды, сенім желілерін және қызметкерлерді дайындауды ұсынады. Ал Тұран АПБ болса, заңнамалық баптарды, тіркеу практикасын және мемлекеттік жол картасының талаптарын нақтылап берді. Бұл үйлесімділік құқық қорғаудың екі деңгейін — жергілікті оперативті реакция мен ұлттық стратегияны біріктіретіні байқалады.
Дегенмен практикаға қатысты алдымен құқық бұзушылықтардың шынайы көлемі мен тіркелмеуі ықтималдығы, екіншіден қоғамдық сенімді нығайту үшін мониторинг және дербес есеп беру механизмдерінің ашықтығы мәселесі аса маңызды. Ресми мәліметтер көрсеткендей, Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында құқықтық база да, практикалық тетіктер де іске асырылып келеді. Дегенмен, қоғамдағы көзқарасты өзгерту, кемсітушіліктің алдын алу және қолжетімді орта қалыптастыру – ұзақ мерзімді міндет.

Олжас Әбдіхалық

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады