jasqazaq.kz

Шымкентте ерекше балаларды қоғамға кедергісіз кіріктіру жұмыстары нәтижелі

19 тамыз 2025, 14:12

Еліміздің үшінші мегаполисі — Шымкентте ерекше балаларды қоғамға, әлеуметтік ортаға кедергісіз кіріктіру жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді. Қаладағы Білім басқармасының қосалқы мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 7-17 жас аралығындағы ерекше білім беруді қажет ететін балалар оқиды. Аталған оқу ордасындағы үш бірдей кабинетті 2023 жылы «Қазақстан халқына» қоры жабдықтап берген.

Қосалқы мектеп-интернатының директоры Нартай Шорабек әңгімесінің басын қыздарға арналған тігін кабинеті, ұлдарға арналған слесарьлық кабинет және әлеуметтік бағдарлау кабинетін 29 млн 500 мың теңгеге соңғы үлгіде заманауи құрал-жабдықпен жабдықтаған «Қазақстан халқына» қорына алғысын жаудырудан бастады. Нартай Шериазданұлының айтуынша, осы жабдықтарға қол жеткізген соң балалар бұрын қолмен жасайтын заттарды арнайы құрылғылармен жасап шығаратын болған. Мектеп директоры: «Жасаған бұйымдарымен байқау, жәрмеңкелерге қатысып, сатып та үйренеді. Біз тек бұйым жасатып үйретпейміз, алып-сатуды да, сол арқылы дербес өмірге бейімделуді де үйтереміз. Осы жабдықтардың арқасында мұғалімдердің де жұмысы жеңілдеді. Балалардың қызығушылығы артты. Балалар «Бізге «Қазақстан қоры» әкеп берді» деп дән риза. Алғысымыз шексіз! Алдағы уақытта барлық оқу кабинеттерін жабдықтасақ деген жоспар бар. Тағы да осындай демеушілік күтеміз», — дейді.

Бұл мекеменің басты мақсаты – баланы еңбекке баулу арқылы тәрбиелеу, сөйтіп, ортаға қосып жіберу. Ерекше білім беруді қажет ететін, оның ішінде жеңіл зиянды бұзылысы бар, қабылдауы баяу балалар осында 1-11 сынып аралығында 10 жыл тәрбиеленіп, әлеуметке, қоршаған ортаға, дербес өмірге қосылады. Мәселен, әлеуметтік бағдарлау кабинеті балаларды тамақ әзірлеуге, кір жууға, киімін өзі үтіктеуге, үй жинауға үйретеді. Осы әлеуметтік бейімдеу кабинетінде үйренген машығын қолдану арқылы бала күнделікті тұрмыста қиналмайтыны сөзсіз.

Мөлдір Кенжебай,
Шымкент

24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?