jasqazaq.kz

Шымкентте екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирі өтті

26 қазан 2025, 14:52

Республика күні мерекесі аясында Шымкент қаласында көне ұлттық спорт түрлерінің бірі – асық ату бойынша еліміздегі ең ірі жарыс – екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирінің финалы жоғары деңгейде өтті.

Биылғы турнирге республиканың барлық өңірінен келген 40 үздік спортшы қатысып, бақтарын сынады. Ұлттық ойынға арналған бұл дода спортшылар мен көрермендерді, сондай-ақ құрметті қонақтарды біріктіріп, нағыз ұлттық рухтың мерекесіне айналды.

Финалдық ойындармен қатар, концерттік бағдарлама мен ұлттық спорт түрлерінен өткізілген шеберлік сабақтары мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтардың қызығушылығын тудырды.

Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Асық ату федерациясының президенті Олжас Құспеков турнирдің ашылуында ұлттық спорттың маңыздылығына тоқталып өтті.

«Бүгін асық ойыны арқылы біз өз түп-тамырымызға, халқымыздың рухани коды мен дәстүріне қайта оралып отырмыз. Асық ату – барлық ұлттық спорт түрлерінің бастауы. Оның тарихы ғасырлар қойнауынан бастау алады және халқымыздың тұрмысымен тығыз байланысты. Бүгінгі турнир ұлттық спорттың халықтық құндылық екенін дәлелдеп отыр. Біз асық атуды тек дәстүр ретінде емес, қоғамды біріктіретін заманауи мәдени құбылыс ретінде дамытуымыз қажет. Өйткені ұлттық спорт – жай ғана тренд емес, ол ұлттың болмысы, рухы мен патриотизмі», – деді Олжас Құспеков.

Қызу тартысқа толы финал қорытындысында Ақтөбе облысының спортшысы Құлыбек Ғарышбек турнир жеңімпазы атанып, оған қазақстандық автомобиль компаниясы шығарған автокөлік табысталды.

Екінші орын иегері – Түркістан облысының спортшысы Әбілхан Талғар – 1 миллион теңге көлемінде сыйақы иеленсе, үшінші орын алған Батыс Қазақстан облысының өкілі Сламқұл Бақдәулетке 500 мың теңге табыс етілді.

Сонымен қатар, AMANAT партиясының арнайы 300 мың теңгелік сыйлығы Павлодар облысының спортшысы Жаздықбай Керімге берілді.

Жартылай финалдар мен шешуші ойындар асық ату шеберлерінің жоғары деңгейін және бұл спорт түріне деген жастар арасындағы қызығушылықтың артып келе жатқанын айқын көрсетті.

Турнирдің еліміздің үшінші шаһарында өткізілуі кездейсоқ емес. Былтыр өткен бірінші республикалық турнирде Шымкент қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, бас жүлдені еншілеген болатын. Сол себепті 2025 жылы Шымкент «Respublica Asyq Atu» турнирінің астанасы атанды.

Бұл – өңірдің ұлттық спорттың дамуына қосқан үлесін көрсететін маңызды оқиға.

Шымкенттегі турнир қаланы асық ату спортының дамуының орталығы ретінде айқындады. Бұл жарыс ұлттық спорттың ұрпақтар мен өңірлерді біріктіріп, мәдени мұраны сақтау ісінде маңызды рөл атқаратынын дәлелдеді.

«Respublica Asyq Atu» турнирі көне ұлттық ойынды жаңа серпінмен дамытып, оны заманауи бұқаралық қозғалысқа айналдыруға зор үлес қосты.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)