jasqazaq.kz

Шымкентте дарынды балаларға арналған лагерь ашылды

22 тамыз, 18:35

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тамыз педагогикалық кеңесінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаладағы Президент резиденциясы жаңа оқу жылынан бастап дарынды балаларға арналған лагерь ретінде жұмыс істейтінін хабарлады.

Бұл лагерьде олимпиада жеңімпаздары, үздік оқушылар, өнертапқыштар мен ғылымға құштар және мәдениет пен өнерде ерекше жетістіктері бар балалар бас қосып, шеберліктерін ұштауға мүмкіндік алады.

Лагерь жыл бойы тұрақты қызмет етеді. Әр ауысымда 50-60 бала қамтылып, жылына 2500-ге жуық жас дарын ерекше бағдарламамен тәрбиеленеді.

Лагерьде заманауи жабдықтар қойылып, қауіпсіздік талаптары толық қамтамасыз етіледі және барлық қажетті жағдай жасалады. Сонымен қатар лагерьде жатын бөлмелері, оқу және мәдени залдары, спорт алаңдары, экологиялық таза аула, кітапхана мен медпункт қарастырылған.

Қала басшысының айтуынша, бұл бастама – Мемлекет басшысының жастарға деген қамқорлығын іске асыра отырып, еліміздің келешек көшбасшыларын тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам.

«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы ұстаздардың тамыз конференциясы 2100-ден астам қатысушыны жинады. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, жоғары оқу орындары мен колледж өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен ата-аналар қатысты.

Конференция барысында жаңа оқу жылының негізгі міндеттері талқыланды. Атап айтқанда, педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру, заманауи технологияларды енгізу және әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыру мәселелері қаралды.

Шымкент қаласында 2025–2026 жаңа оқу жылы 1352 білім беру ұйымында 397 мыңнан астам оқушымен басталады. Биылғы жылы бірінші сыныпқа шамамен 28 мың бала қабылданады. Қалада қазіргі таңда алты білім нысанының құрылысы жүргізілуде, оның ішінде екі жаңа мектеп, үш қосымша ғимарат және бір жатақхана бар. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін үш нысан – екі мектеп және бір қосымша корпус пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 10 білім беру ұйымының ғимараты күрделі жөндеуден өтуде.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда