jasqazaq.kz

Шымкентте «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестиваль өтеді

Бүгін, 16:32

21 наурыз күні сағат 12:00-де Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтеді.
Аталған іс-шара Наурыз мерекесін атап өту аясында ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық және әлемдік асхананың үздік үлгілерін насихаттауға бағытталған.
Фестивальге Қазақстаннан және шетелден келген халықаралық деңгейдегі 10 аспаз қатысып, өздерінің авторлық тағамдарын ұсынып, аспаздық шеберліктерін көрсетеді.
Фестиваль аясында келесі номинациялар бойынша гастрономиялық байқаулар ұйымдастырылады:
– үздік кәуап;
– үздік палау;
– үздік самса;
– үздік ұлттық тағам.
Сонымен қатар, іс-шараға шамамен 50 жергілікті мейрамхана қатысып, келушілерге түрлі тағамдар ұсынады.
Фестиваль тек гастрономиялық шаралармен шектелмей, ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасымен жалғасады. Қонақтарды street style және K-pop бағыттарындағы Dance Battle, домбырашылар ансамблінің өнер көрсетуі, батырлар шоуы, цирк қойылымдары, мотошеру және Moto Show, спорттық автокөліктер көрмесі, сондай-ақ қолөнершілер жәрмеңкесі күтеді.
Іс-шара бірнеше тақырыптық аймақтарға бөлініп ұйымдастырылады. Этноаймақта гастрономиялық байқаулар мен халықаралық аспаздардың шеберлік сабақтары өтеді, ал еуропалық аймақта заманауи шоу-бағдарламалар, би байқаулары және мотошоу ұсынылады. Сонымен қатар, Арбат аумағында күні бойы қолөнершілер көрмесі жұмыс істейді.
Фестивальдің ресми ашылуы салтанатты түрде өтеді, ал кешкі уақытта жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Бағдарламада отандық әртістердің өнер көрсетуі және арнайы шақырылған хедлайнердің концерті қарастырылған.
«DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі — бұл Наурыз мерекесінің атмосферасын сезінуге, түрлі халықтардың асханасымен танысуға және отбасы, достармен бірге уақытты көңілді өткізуге мүмкіндік беретін ауқымды мәдени шара.
Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын осы мерекелік іс-шараға қатысуға шақырады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді