Шымкентте бопсалаушылар тобы құрықталды (Видео)

14 қараша 2023, 11:16

Шымкентте бопсалаушылар тобы қамауға алынды. Ұсталғандар екі кәсіпкерге күш қолданып, олардың көлігін заңсыз иемденіп алған.
Polisia.kz хабарлағандай, қалалық ПД-ның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын құрықтады. Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын соңды бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоқы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалап, BMW мен ВА3-2114 автокөліктерін заңсыз иемденіп алған. Тексеру кезінде төрт атыс қаруы, оқ-дәрілерімен, есірткі құралдары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді. Полицияға 10 адам жеткізілді, оның ішінде топтың ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

b
JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу