jasqazaq.kz

Шымкентте «Белсенді ұзақ өмір» орталығының жаңа ғимараты пайдалануға берілді

23 желтоқсан 2025, 10:23

Шымкент қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева, ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен демеуші мекемелердің өкілдері қатысты.
Салтанатты шара барысында мәртебелі қонақтарға орталықтың жаңа ғимараты таныстырылып, көрсетілетін қызмет түрлері мен мүмкіндіктері ұсынылды. Фойеде қазақ халқының ұлттық тағамдарын ұсыну дәстүрі көрсетіліп, халықаралық фестивальдің Гран-при иегері атанған «Жеті қазына» би тобы «Кесе» биін орындады. Сонымен қатар, «Асыл Арман» әжелер тобының «Белсенді әжелер» дефилесі көпшілік назарына ұсынылды.
Қонақтар орталықта үстел теннисі, шахмат және шашка алаңдарын аралап көріп, республикалық спорт фестивальдерінде жүлделі орындарға ие болған қызмет алушылардың жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ дәрігерлік қабылдау бөлмесі мен шунгит, тұз кеніші және сенсорлық бөлмелерден тұратын емдік аймақтар көрсетілді.
Ғимараттың екінші қабатында араб тілі кабинеті, йога залы, физикалық және массаж кабинеттері, еңбек терапиясы бөлмесі орналасқан. Ал үшінші қабатта психолог кабинеті, кітапхана, арт-терапия бөлмелері (құм терапиясы, гончар және сурет өнері), сондай-ақ заманауи кинозал жұмыс істейді.
Айта кетейік, бұған дейін орталық Дулати көшесі, 36 мекенжайында орналасқан болса, жаңа ғимаратқа Дулати көшесі, 64 мекенжайына көшірілді.
Жаңа ғимараттың ашылуы – зейнет жасындағы азаматтардың белсенді өмір салтын ұстануына, денсаулығын нығайтуына және қоғаммен етене араласуына бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі. Орталықта аға буын өкілдері үшін жан-жақты қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалған.

Шымкент әкімінің баспасөз қызметі 

 

20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму