Шымкентте балалар ойын алаңшасын салуға басымдық берілді

28 шiлде 2023, 9:16

Шымкент қаласында балалар ойын алаңшаларын салуға басымдық беріліп, сапалы атқарылуы үшін қала әкімі бақылауына алынған. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты Самал-3 шағынауданына барды. Мұнда Мұрат Дүйсенбекұлы шағын ауданның А.Әбдраманов көшесінде жаңадан бой көтерген балалар ойын алаңшасының құрылыс барысымен танысты.

Мердігер мекеме “Ынтымақ Бес Арыс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан салынып жатқан ойын алаңшасы мемлекет қаржысы есебінен 23,5 миллион теңгеге тұрғызылуда. Мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын кестеге сай уақытылы тапсыруды жүктеді. Одан бөлек Абай ауданы аумағындағы 14 мекенжайда балалар алаңшасы және 3 шағынауданда спорт алаңшасы орнатылуда.

Айта кетсек, Самал-3 шағын ауданында бүгінде 27 мыңнан аса халық тұрады. Жалпы шағын аудан 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған, сондай-ақ биыд 14 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, биыл Құрсай шағын ауданында да 6 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланған. Құрсай шағын ауданы Тұран ауданындағы ең өзекті шағын ауданның бірі. Мұнда инфрақұрылым мәселелері жоспарға сай бірте-бірте шешімін тауып келеді. Шағын ауданда жиырма мыңға жуық халық тұрады. Сондықтан биыл Құрсай елді мекенінде 6 балалар ойын алаңшасы орнатылатын болады. Бүгінгі күнге дейін Ұзынағаш, Құлантөбе көшелеріндегі балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілген. Ал, жыл соңына дейін Бекболатов, Сатқанбаев, Әулиекөл, Әулиекөл өткелі көшелерінде орнатылады. Сондай-ақ, 2 ашық алаңша құрылысы басталмақ.

Айта кетейік, 2023 жылы Тұран ауданы бойынша барлығы 20 балалар ойын алаңшасы, 12 спорт алаңшасы пайдалануға берілетін болады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге абаттандырылып жатқан аулаларды аралап, жұмыстардың барысын пысықтаған болатын. Биыл аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта жыл соңына дейін 7 ашық спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Алаңшалар Тұран, Нұртас, Таскен және Өтеміс тұрғын алаптары мен елдімекендерінде салынады. Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 34 аулаға жөндеу жүргізіліп, балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылатын болады. Мұрат Дүйсенбекұлы мердігерлерге ең алдымен балалар қауіпсіздігін ескеріп, тұрғындарды жайлылығы үшін құрылысты тиісті талаптарға сай жүргізуде тапсырып, алаңшаларды орнатуда жергілікті тұрғындардың да ұсыныстарын ескере отырып, нысандарды өндірістік кестеге сай қолданысқа беруді ескерткен болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласындағы аудан әкімдіктерімен «Халық қатысатын бюджет» жобасы қолға алынған еді. Аудан әкімдігі тарапынан халық қатысатын бюджетті әзірлеудің Ережелері мен Сараптамалық кеңестердің құрамы бекітілген. «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардан өтінімдер, ұсыныстар қабылданады. Жалпы жобаны жүзеге асырудың 3 кезеңі бар. Біріншіден, сайт арқылы тұрғындардан ұсыныстар жинақталады. Яғни, тұрғындар аудан әкімі аппараты құзыретіне кіретін салалалар бойынша талап-ұсыныстарын жіберуіне мүмкіндігі бар. Аумақты көгалдандыру, аяқжолдарды жайластыру, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, т.б., мәселелер бойынша ұсына алады. Жобаға ауданда тіркелген кез келген азамат қатыса алады.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады