jasqazaq.kz

Шымкентте Ата Заң айбыны асқақтады

29 тамыз, 19:54

Бүгін Шымкент қаласында Конституция күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. «Қызғалдақ» сарайында ұйымдастырылған «Ата Заңым – айбыным» атты жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Биыл еліміздің басты құжаты Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осы тарихи белесті айшықтаған мерекелік кештің негізгі мақсаты да сол, ел азаматтарының құқықтық мәдениетін арттыру, Ата Заңның қоғамдағы маңызын насихаттау және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталды.
Іс-шара Мемлекеттік Ту мен Конституцияны сахнаға алып шығу рәсімімен басталып, Мемлекеттік әнұран шырқалды. Бұдан кейін көпшілік назарына арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылды.
Жиында сөз алған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Конституцияның ел дамуындағы орнына тоқталып, барша шымкенттіктерді мерекемен құттықтады.
– Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекетіміздің берік діңгегі. Оның әрбір бабы халық игілігіне, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға арналған. Отыз жылда Қазақстан түрлі сынақтан сүрінбей өтіп, қуатты мемлекетке айналды. Бұл жетістіктердің барлығы Конституция қағидаттарын бұлжытпай орындаудың, ел бірлігі мен ынтымағының жемісі десек болады. Біз Ата Заңымызды әрдайым қастерлеп, болашақ ұрпаққа аманат етуіміз керек. Мерекелеріңіз құтты болсын!» деді шаһар басшысы.
Бұдан кейін салтанатты жиында ел дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар мемлекеттік медаль тағынды. Олардың арасында «№2 Қалалық аурухана» МКК хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Жолдасов, «Космодемьянская атындағы №23» мектеп-лицейінің мұғалімі Шекербек Шахабаев, Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев, AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев бар. Сондай-ақ Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім прокуроры, 2-сыныпты заңгер Қуаныш Аманбаев, Қарулы Күштер Штаб бастығы 10216 әскери бөлімінің аға маманы Айсұлу Қалдыбекова, Шымкент қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Гүлмира Пернебаева, Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының заңгері Руслан Шазадаев шаһар басшысының қолынан Алғыс хат алды.
Мерекелік кеш ары қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Қала тұрғындары мен қонақтары патриоттық рухтағы «Ата заң», «Атамекен», «Қазақ елі», «Жаңа Қазақстан» сынды әндерді тыңдап, «Дала даналығы», «Қазына», «Яссы» би ансамбльдерінің өнерін тамашалады. Сондай-ақ, «Көшпенділер», «Қыран бүркіт», «Алаш ұраны» сияқты ұлттық шығармалар көпшілік көңілінен шықты.
Іс-шара соңында сахнаға Ықылас гүлі әкелініп, мерекелік кеш мәресі әдемі аяқталды. Осылайша, Конституциясының 30 жылдығына арналған концерттік бағдарлама қатысушыларға ұлттық рух сыйлап, маңызды құжаттың мән-мағынасын тағы бір ашып берді.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр
17 желтоқсан, 13:59
Мерей Оңғаров: Алматыны газдандыру 100 пайызға жақындады
16 желтоқсан, 14:00
Алматы: Жылу жүйесі қыс маусымына дайын
15 желтоқсан, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет