jasqazaq.kz

Шымкентте «АСЫЛ МҰРА» Республикалық дәстүрлі өнер фестивалі жоғары деңгейде өтті

29 қыркүйек 2025, 11:59

Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында екі күн қатарынан өткен «Асыл мұра» Республикалық дәстүрлі өнер фестивалі өз мәресіне жетті. Көпшілікке мол рухани азық сыйлаған тағылымды шара шымкенттік көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.

Фестивальдің шымылдығы «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт-аспаптар оркестрімен ашылды. Оркестрге ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Жүдебаев дирижерлік етті. Бағдарлама барысында көрермендерге Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» күйі мен Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ұсынылып, тыңдармандарға ұмытылмас әсер сыйлады.

Үш сағатқа созылған концертте қазақтың төл өнері – дәстүрлі ән, күй, жыр жанрында 30-ға жуық елімізге танымал өнерпаздар сахнаға шығып, ұлттық өнердің бай мұрасын насихаттады.

Фестивалді белгілі фольклортанушы ғалым Берік Жүсіп жүргізіп, әрбір өнерпаздың шығармашылығына тоқталып, орындалған туындылардың тарихи негізін, дара болмысын көрерменге кеңінен таныстырып, айшықтап жеткізді.

Фестиваль барысында Қазақстанның халық әртістері Айгүл Үлкенбаева, Секен Тұрысбеков, Рамазан Стамғазиев сынды өнер тарландарын көрермен ерекше ықыласпен қарсы алды. Сонымен қатар, көрерменін көптен бері сағындырған күміс көмей әншілер Гүлмира Сарина, Сәуле Жанпейісова, Айгүл Елшібаева сынды өнер саңлақтары ұлттық әндерімізді әуелете шырқап, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен бұл фестиваль – дәстүрлі өнерді ұлықтаудағы жылдың ең маңызды әрі игі бастамалардың бірі болды. «Асыл мұра» ұлттық өнердің асыл арқауын бүгінгі ұрпақпен қайта қауыштырған айтулы шара ретінде көптің есінде қалғаны белгілі.

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады