jasqazaq.kz

Шымкентте «Асыл мұра» фестивалі өтеді

25 қыркүйек, 21:25

Алдағы 26–27 қыркүйек күндері Шымкент қаласында дәстүр мен руханиятты ұлықтаған «Асыл мұра» республикалық дәстүрлі өнер фестивалі өтеді.
Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлім етті.
«Асыл мұра» өнер фестивалі Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
26 қыркүйекте сағат 15:00-де «Қызғалдақ» сарайында оқушылар арасындағы республикалық өнер фестивалі өтсе, 27 қыркүйекте дәл осы мекемеде кәсіби өнерпаздардың қатысуымен үлкен өнер кеші жалғасын табады.
Фестивальдің басты мақсаты – ата-бабалардан келе жатқан дәстүрлі өнерді кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың рухани тәрбиесін нығайту. Фестиваль аясында ән, күй, жыр, терме және рухани мектептердің тағылымды дәстүрлері көрерменге ұсынылады.
Шараға Қазақстанның Халық әртістері Айгүл Үлкенбаева, Секен Тұрысбеков, Рамазан Стамғазиев және елімізге белгілі өнер майталмандары қатысады. Кештің жүргізушісі – фольклортанушы ғалым, «Құрмет» орденінің иегері Берік Жүсіп.
Қала тұрғындары мен қонақтар тегін кіріп, тамашалай алады. «Асыл мұра» фестивалі қазақтың ұттық өнерін бағалайтын барша көрермен үшін ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ брифингте Шымкент қаласында тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында түнгі мезгілде пиротехникалық бұйымдарды қолдануға байланысты бақылау ккүшейтігені айтылды. Соңғы уақытта түнгі уақытта салют ату деректеріне шағым көбейіп, полиция департаменті тарапынан рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Қоғамдық орындарда салют ату фактілері бойынша жыл басынан бері 123 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, барлығы 9,6 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Сонымен қатар, сағат 22:00-ден кейін тыныштықты бұзған 4 675 тұлға жауапкершілікке тартылып, 66,9 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілген.
Пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алып, қауіпсіздігі қамтамасыз етілген алаңдарда ғана қолдануға болады. Өзге орындарда қолдануға тыйым салынады.
Тұрғындардың тыныштығын сақтау мен қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету – Полиция департаментінің басты міндеттерінің бірі. Құзырлы орган қала тұрғындарын тәртіпке түсіністікпен қарап, заң талаптарын сақтауға шақырады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке