jasqazaq.kz

Шымкентте әлеуметтік патруль 4 қаңғыбастыққа салынған азаматқа көмек көрсетті

28 шiлде, 16:32

Қоғам – әрбір мүшесімен тұтас. Ал ол мүшенің әл-ауқаты мен өмір сапасына мемлекет қашанда жауапты. Соның жарқын дәлелі – Шымкент қаласында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік патруль жұмыстары. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» ұйымдастырған мобильді патруль тобы тағы бір кезекті рейдін өткізді.

Бұл жолғы патруль қаланың адам қарасы көп шоғырланған аймақтарында – «Айна базары», «Орталық қырғы базары» және «Жабық базар» маңында жүргізілді. Негізгі мақсат – тұрғылықты мекенжайы жоқ, қаңғыбастыққа ұшыраған азаматтарды анықтап, оларға алғашқы әлеуметтік көмекті көрсету. Іс-шара барысында 4 азамат тіркеліп, орталық мамандары тарапынан психологиялық және әлеуметтік қолдау шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аталған жандарға медициналық көмек қажет болса, оған да жолдама беру жұмыстары қолға алынды.

Бір реттік көмекпен шектелмей, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға құжаттарын қалпына келтіру, тұрғылықты жермен қамтамасыз ету, тұрақты жұмысқа тұруға көмектесу сияқты ұзақ мерзімді шаралар да қарастырылады. Бұл – жай ғана жәрдем емес, бұл – жаңа өмірге жаңа қадам жасауға берілген мүмкіндік.

Әлеуметтік патруль жұмыстары жыл басынан бері тұрақты негізде жүргізіліп келеді. Рейдтік іс-шара барысында орталық қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарды өз құқықтары мен мемлекет ұсынатын көмектер туралы жан-жақты ақпараттандырады.

Мұндай бастамалардың түпкі мақсаты – қиындыққа тап болған адамдарды қоғамнан бөліп-жармай, керісінше оларға тірек болып, қайта аяққа тұруына жәрдемдесу. Бұл – тек әлеуметтік саясат емес, бұл – адамгершілікке негізделген ұлттық мүдде.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлық қоғамдағы әрбір адамға бағытталған. Қай уақытта болмасын, әлсізге қорған, мұқтажға тірек болу – өркениетті елдің басты қағидаты. Қаңғыбастыққа тап болғандар да – біздің қоғамның бір бөлшегі. Олардың тағдырына бейжай қарамау – тек мемлекеттің емес, бүкіл қоғамның міндеті.

Шымкентте қолға алынған бұл бастама – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара ықпалдастығының нәтижесі. Бұл – ешкім ұмыт қалмайтын, әркімге орын табылатын әділетті қоғам құру жолындағы нақты қадам.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда