jasqazaq.kz

Шымкентте әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді

17 қыркүйек 2025, 16:57

 

Бүгін, 16 қыркүйек күні Шымкент халықаралық әуежайында Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды.

2025 жылы көпшілік асыға күткен World Boxing ұйымының ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы зор жетістікке жетті. Ливерпуль төрінде отандастарымыз 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Солардың қатарында Шымкент қаласының мақтаныштары – ағайынды Сабырхандар да бар.

Шымкентке оралған спорт саңлақтарын қала әкімінің орынбасары Сарсен Құранбек, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Дарменов, қалалық бокс федерациясының вице-президенті Қанат Орақбаев, сондай-ақ туыстары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды.

2023 жылы Ташкент төрінде чемпион атанған Махмұд Сабырхан бұл жолы да алтыннан алқа тағып, әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды. Ал оның бауыры Төрехан Сабырхан алғаш рет жеңімпаз атанып, қазақтың тәуелсіз тарихында 19 жасында әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы ретінде есімін жазды. Бұл жетістіктің артында олардың бапкері – Ілияс Оралбековтың еңбегі зор.

Жалпы, айтулы додаға 68 елден 540 спортшы қатысқан болатын. Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасында өз тарихындағы үздік үшінші нәтижесін тіркеді.

Алдағы уақытта боксшыларымызды әлем кубогының финалдық кезеңі, Азия чемпионаты және 2026 жылы Нагояда өтетін жазғы Азия ойындары секілді ірі жарыстар күтіп тұр. Сондай-ақ, «Тұманды Альбионнан» кейінгі кезекті әлем чемпионатын 2027 жылы Қазақстан қабылдайды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат